Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін, мәдениет және қоғам

Автор:   •  Ноябрь 4, 2020  •  Реферат  •  1,194 Слов (5 Страниц)  •  6,893 Просмотры

Страница 1 из 5

Орындаған: Болатбек Аяулым

Тексерген: Садырова Мансия

«Дін, мәдениет және қоғам»

(Лекция және Дэвид Бринкерхоф кітабы бойынша түсінгенім)

Жоспар:

  1. Кіріспе. Дін және мәдениет адам өмірінде.
  2. Негізгі бөлім:
  1. Мәдениетке жалпы көзқарас
  2. Дінді түсіну
  1. Қорытынды. Дін, мәдениет және қоғам (өз  көзқарасым)

Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде дін адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушыға сенімі. Адамды рухани байытып, жамандық жасаудан сақтайды. Дін адамды тек жақсылыққа жетелейді. Дін  – ол мәдениет. Біздің қазақ халқы ұстанған дініміз салт-дәстүрімізге сай. Біздің әдет – ғұрыптарымыз шариғатқа сәйкес құрылған. Дін мен мәдениет үйлесіп қоғамды ізгілік пен жақсылыққа шақырады. Дін – мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дін — тарихи-мәдени таным ретінде өркениетке өмір сыйлады. Олардың бірлескен өзара әрекетінен әлемдік тарихтың мазмұны құрылады. Яғни, дінді ұстанған адам өз халқының мәдениетін де жақсы білетін болады. Ал адамға мәдениеттің әсері өте маңызды.

Әлеуметтанушылардың жасаған қорытындысы бойынша: мәдениет- биологияның емес, қоғамның нәтижесі. Әр елде мәдениет әртүрллі, ол – мәдение эволюцияның әсерінен. Себебі адам кішкентай кезінен мәдениетті үйренеді және қолдана келе оны өзгертеді. Мәдениет тілге тәселді болады. Тіл болмаса, адамзат өз мәдениетін, білгенін келесі ұрпаққа жеткізе алмас еді. Тілдің арқасында мәдениет өз қоғамындағы үлгі – өнегесін әрі қарай жетілдіру үшін болашақ ұрпаққа беріп отырды.  Тілдің арқасында адамзат генетикалық эволюцияның баяу процесіне тәуелді болып қалмай, заман көшіне ілесіп отырады.  Мәдениеттің тілден кейінгі ең басты қыры - оның қүндылықтары. Құндылықтардың негізінен жақсы не жаман, қажетті не қажетсіз болып бөлінетіні анық. Кейбір мәдениеттер мейірілімді бағаласа, ал кейбіреулері жауыздық пен бәсекені дұрыс көреді. Әр халықтың мәдениетінің әртүрлілігі осы құндылықтарының айырмашылығынан деп ойлаймын.  Бірақ әрбір мәдениет қауіпсіздікті, мықты отбасыны және жақсы денсаулықты бағалайды. Әр мәдениет осы мақсаты әр түрлі жетеді.  Белгілі бір мәдениет шеңберінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережелерін нормалар дейміз. Нормалар адамдардың не істеуі керек немесе не істемеуі керек екенін көрсетеді. Мысалы, соңғы жылдары «әркім үлкен үйде тұруы керек, үлкен үй алмаса, ол - ақымақ» деген норманың кесірінен несие төлей алмай, банктер үйлерін тартып алған адамдар көбейді. Кей нормалар бір дәуірде жақсы болса, енді бірі белгілі топқа ғана лайықты болуы мүмкін. Ал кей нормалардың мүлде мағынасы жоқ. Мәдениеттің тағы бір бөлігі – дәстүр. Дәстүр сөзі бір топтың әдепкі, қарапайым және дағдылы тәсілдерінбілдіретін нормаларды сипаттайды. Дәстүр - түрақты дәстүрлерді (мысалы Қазақстанда тұсау- кесу қамтитын), сондай-ақ уақытша сауық пен сәнді де қамтитын (кең немесе тар киім кию сияқты) ауқымды түсінік. Дәстүрге қарағанда моральдық құндылықтарды қастерлейтін нормалар ғұрыптар деп аталады. Моральдық ғұрыпты бұзу міндетті түрде заң алдындағы жауапкершілікке әкелмейді, бірақ кем дегенде бейресми түрде аластауға немесе сөгіс беруге әкеледі. Ғұрыптар үкімет тарапынан бекітілген кезде, оларды заңдар депатайды. Егер заңдар - нормалар мен құндылықтарға сүйенбейтін болса, күшін жояды немесе полиция оларды орындаудан бас тартады. Алайда заңдар әрдайым халықтың құндылықтарына негізделе бермейді.

Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, «мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім, иман, имандылық» деп дәйектесе, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін рәсімдерінің тұрмыс дағдыларымен астарластығын «Ораза деген қазаққа құлшылық емес, әдеп қой», - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған. Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: «Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды, сол сенімнің аты - дін. Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін», - деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары бағалағаны белгілі. Дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі. Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен тұрады. Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынтығы ретінде қарайды. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғамның және өзге де әлеуметтік күштердің әсер ету жолдарын, сондай-ақ діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді. Дін - барлық қоғамның іргелі сипаты. Артта қалған немесе индустриалды қоғам болсын, әр қоғамда діни қызмет пен діни мінез-құлықтың көріну ерекшеліктері болады. Неге дін әмбебап? Бұл сұраққа жауап беру үшін - жеке бастан шығатын оқиғалар мен тәжірибелердің анықтамасы мен мағынасын табу жолында әр адам мен әр қоғам ізденуі қажет. Кедей адам барлығы қолжетімді қоғамда жапа шеккенде: «Неге мен?» деп сүрайды. Баласы қайтыс болған әйел: «Неге менің балам?» дейді. Бір аймақ селден немесе торнадодан жапа шексе: «Неге біз?» - дейді. Осындай жеке сұрақтардан  адамдарды неге күн сайын күн шығады, кемпірқосақ қайдан пайда болады және өлімнен кейін өмір бар ма деген сияқты сұрақтар мазалауы мүмкін.Ал дін бола бізге  бақылай алмайтын және түсінігімізге сыймайтын оқиғаларды түсініп, қабылдауға көмектеседі. Діни сенім мен рәсімдер адамдарға күтпеген жағдайларды өткеруге көмектеседі. Фундаментализм - дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының дәстүрлі тәпсірлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс. Фундаментализм дүниежүзі бойынша католиктер, протестанттар,еврейлер, мұсылмандар және басқаларының арасында кездеседі. Олардың сенімінің күштілігі соншалық, саны аз болса да діні мен өмір салтына қауіп төндіретін дінсіздерге қарсы шығуға дайын тұрады. Олар кейбір қоғамдарды өзгерткісі келеді, өйткені шектен тыс бүлінген деп санайды. Сондықтан кісі өлтіруден де тайынбайды. Діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті және қарабайыр деп екіге бөледі. Қарабайыр дегеніміз - күнделікті өмірде өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәрселер. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне алмайтын, қорқыныш пен табыну сезімін оятатын құбылыстар мен дүниелер. Барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік, сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпияларды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстанады. Бұл сенімдер ресми діни доктриналардың негізін қалайды. Барлық дінде рәсімдер бар. Қазіргі христиан дінінде дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бағзы замандарда көптеген христиандар егін егу және жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған. Мұндай рәсімдер кейбір діндерде әлі де бар. Көптеген адамдар үшін дін - дәстүрлер сабақтастығы. Адамдар ата-аналарынан көргенін қайталайды. Алайда Вебер үшін дін -  дүние жайлы білім іздеу. Бүл тұрғыдан алғанда дін ғылымға ұқсайды. Ол - айналадағы әлемді түсіндіре алатын әдістің бірі. Сондай-ақ дін берген жауаптар қалыптасқан жағдайға кереғар немесе үйлесімді бола алады.

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (110 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club