Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сауат ашу негіздері

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Лекция  •  670 Слов (3 Страниц)  •  709 Просмотры

Страница 1 из 3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті

 

[pic 1]

Тақырыбы:Сауат ашу негіздері

Орындаған:Иззатуллаева.К

Тобы:ППМ-011

Түркістан облысы-2021ж

Сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру,кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.Осы мақсатты шешу үшін,сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.

- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

- оқыту принципттерін басшылыққа алу сөйлеу тілінің дыбыстықерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету:

- буындан оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру; - дыбысты) гріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;

-жазудың талаптарын орындату;

-балалардың сөйлеу тілін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Әріпті жаза білуге үйрету емес,оның әрбір элементін дұрыс сақтауға,оңға қарай біркелкі көлбеу,таза,анық жазуға машықта дыру.Көркем жазу-адам өмірінде әсемдік пен сәнділікті сақтаудың,оны жетілдірудің бір жолы.Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ,ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады. Cavaт ашу  аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге калляграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнднлікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте,мұғалім жалпы жазу жұмысын ,оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.Окушының жазуын елемеу деген сөз емес.Окушының әрбір жазба жүмысын бағалауда,оның сауаттылығын арттыру керек. Осы талаптарды орындау негізінде оқушылардың көркем жазу дағдысы қалыптасады..Таза  анық әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне экеп соғады.Таза,әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,тыңғылықтылыққа үйретеді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысыные негізгі міндеті - балаға хат таныту, яғни оған оку мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой - өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбиеберуге негіз қаланады .Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел - жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаттардың ішіндегі аса күрделісі алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Жапы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (81.1 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club