Ұлттык сананы калыптастыру контекстiндегi түлға психологиясы
Автор: YerbozymGulzira • Октябрь 2, 2020 • Лекция • 2,193 Слов (9 Страниц) • 2,288 Просмотры
1 - МОДУЛЬ. ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
1 - ДӘРІС. ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.
Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырған Б.Г.Анантев және оның шәкірті В.А. Ганзен бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған (сурет 1).
[pic 1][pic 2]
Сурет 1 – Адамның жүйелік құрылымы (Ганзен, 1984).
Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық дене құрлымын өзгертіп, өзіне бағындырды. Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде іс-әрекет субъектісі болып қалыптасады.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.
Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек.
Сурет 2 – Тұлға құрылымы (Ганзен, 1984)[pic 3]
В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Бұл психологиялық сипаттамалар адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-қатынас жетістігінің негізі болып табылады.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
...