Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Материктер мен мухиттардын физикалык географиясынан уfымдарды калыптастыру

Автор:   •  Апрель 22, 2018  •  Статья  •  1,439 Слов (6 Страниц)  •  775 Просмотры

Страница 1 из 6

МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫНАН ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, адамның жаңа әлеуметтік рөлге ие болуы жан-жақты білімді, эстетикалық мәдениеті жоғары, қоғамға еркін араласуға дайын, қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр. Сондықтан да орта сынып оқушыларына білім берудің негізгі мақсаттарының бірі - олардың өзін қоршаған ортадан берілетін білімді өмір тәжірибесімен байланыстыру арқылы ғылымдар бастамасынан ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыруды, оқушының мәдени мұраларды меңгеруіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу.

Соңғы уақытта білімді сапалы меңгерту жолында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оқушыларға ғылыми ұғым беру арқылы олардың танымын кеңейту, ғылыми деректерді меңгертудің бірізділігі мен логикалық жүйелілікпен тиімді әдістер негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелері қарастырылуда.

    Сабақ беру кезінде мұғалім мен оқушының оқу және оқыту әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бірін-бірі толықтырып, сол мақсатты жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез келген ұғымды саналы, нәтижелі меңгерту ісі қамтамасыз етіледі.

Біз зерттеу барысында қоршаған дүние және материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан оқушылардың дұрыс ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен оны жүзеге асыруды қарастырамыз.  

    Ұғымдардың қалыптасуы – сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын  және алынған білімдерді  практикада қолдану арқылы жүзеге асатын  біртұтас үрдіс.

    Зерттеу мәселелерін мазмұндық жағынан ашуға тырыса отырып,  алдымен орта сыныптарға географиялық білімдер шеңберін анықтап алу көзделді. Осы тұста қосындысы ретінде беріліп отырған және жеке нысан ретінде қаралатын су, ауа, топырақ және пайдалы қазбалардың басты және негізгі қасиеттері жайындағы элементарлық ұғымдарды қалыптастыруға көмектесетін білімдер жиынтығы біртұтастықта қарастырылады. Олардың  өзара бір-бірімен байланысы, әрекеттесуі, әр түрлі жер бетінде таралуы, оның заңдылықтары география пәнінің зерттеу көзі. Бұл ғылым өзіне ауа райы, климат, топырақ, өсімдік, жануарлар, адамдар мен өндіріс орындары және олардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерді біріктіріп, бізді қоршаған дүниені біртұтас жүйе ретінде қарастырады.

Дүниеге деген кең де жүйелі көзқарас географияны Жер туралы басқа да ғылымдардан ерекшелендіріп, көптеген пәндер арасында жоғалып кетпеуіне жол бермейді. Мысалы, географиялық карта туралы ұғым географиялық білімнің құрамдас бөлігіне айналып отыр.  Өйткені белгілі бір аумақты арнайы таңбалар көмегімен бейнелеп көрсету осы географиялық ұғымның негізгі бір бөлігі.

    7 - сыныпта географиялық ұғымдар жүйесін топтау кейбір ұғымдарды меңгертуде теориялық білімге негіздеп, оны сөз арқылы талдау, жинақтау, түсіндіру, баяндау басым болса, кейбір ұғымдарды қалыптастыруда сарамандық, жаттығу, тәжірибе жасау және бақылау әдістері басым болатыны белгілі.

Оқушыларға берілетін географиялық ұғымдар жүйесі:

табиғат құбылыстарын зерделеуге байланысты;

географиялық карта туралы;

географиялық қабық туралы;

литосфералық тақталар қозғалысы;

топырақ туралы;

материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы;

дүниежүзілік мұхит туралы.

    Зерттеу барысында 7- сыныпта  берілетін географиялық білім мазмұны сараланып,  негізгі ұғымдардың көлемі  нақтыланды.

7 - сыныптарда берілетін географиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін   жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:

оқушыларға географиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін  жетілдіру;

оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар  туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

 білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;

оқушыларды географиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға  жаттықтыру;

сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;

қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;

...

Скачать:   txt (21.6 Kb)   pdf (196.4 Kb)   docx (22.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club