Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Автор:   •  Декабрь 10, 2023  •  Лекция  •  1,712 Слов (7 Страниц)  •  142 Просмотры

Страница 1 из 7

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

1.Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.

2.Адам өміріндегі құндылықтар.

3.Жеке құндылықтар

1.Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.

«Мен» ұғымы біздің өзіміз жайлы білетінімізді және неге сенетінімізді білдіреді. Сіздің ен маңызды аспектіңіз - өзіңіздің «Меніңіз». Нейрофизиологтер «Мен» ұғымының астарында жатқан ми әрекетін зерттейді. Кептеген зерттеулер оң жақ жарты шардың маңызды рөлін көрсетеді. Егер ұйқы күретамырына анестетик салып, ұйқыға жатсаңыз, өзіңізді-өзіңіз тануыңыз қиыиға соғуы мүмкін. Мидың оң жақ жарты шары зақымдалған бір сырқат өзінің сол қолының бар екенін сезбеді және оны бақылай алмады. «Ми қыртысының ішкі алдыңғы аймағы» жарты шарлары арасындағы саңылауда нейрон жолдары кқзге қарай орналасқан, ол сіздің «Мен» ұғымыңызға әсер етеді. Өзіңіз жайлы ойлағанда оның белсенділігі күрт артады.

Өзіңізді анықтайтын «Мен» ұғымыңыздың элементтері нақты сеніміңіз «Мен» ұғымының сызбасы болып саналады. Сызба - өз ішкі әлемімізді ретке келтіруші сана-сезімнің ақыл-ойдағы бейнесі. Біздің өзімізді спортшы, артық салмақты, ақылды және т.б. ретінде қабылдауымыз өзімізді қалай қабылдауымызға,  есте сақтауымызға және бағалауымызға қатты ықпал етеді. Егер спортпен айналысу сіздің «Мен» ұғымыңыздағы өзекті нәрсе болса (егер сіз спортшы болсаңыз, бұл сіздің «Мен» сызбаңыздың бірі), сіз басқалардың спорттық дене бітімі мен шеберлігін оңай байқайсыз. Өзіңіздің спорттық тәжірибеңізді тез еске түсіресіз. Және сіз «Мен» сызбаңызбен сәйкес келетін ақпаратты мақұлдап отыруға бейім боласыз. Егер сіздің досыңыздың туған күні мен өзіңіздің туған күніңіздің арасы жақын болса, сіз оны ұмытпайсыз. Біздін «Мен» ұғымын құрайтын «Мен» сызбамыз бастан кешетіндерімізді біріктіруге және оларды қорытындылауға көмектеседі. 
Біз өзіміздің бай, ақылды немесе аласа бойлы екенімізді қалай анықтаймыз? Оны анықтау тәсілдерінің бірі -  әлеуметтік салыстыру. Біздің айналамыздағы адамдар бізге өзіміздің бай, кедей, ақылды, ақымақ, бойшаң немесе аласа бойлы, яғни басқалардан айырмашылығымызды көрсететін стандартты анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік салыстыру, егер олардың құрдастары тек орташа болса, студенттер өздерін неге ең үздікпіз деп ойлауға бейім екенін, орташа дәрежедегі жоғары оқу орнындағы студент беделді университетте оқыса, бітіргеннен кейін «Мен» ұғымына қалай қауіп төнуі ықтимал екенін түсіндіреді. «Ірі балық» енді шағын тоғанда жүзбейді.
     Өмірдің көп бөлігі әлеуметтік салыстырулар төңірегінде болады. Біз өзімізді көріксіздерге қарағанда – көрікті, ақмақтарға қарағанда – ақылды, мейірімсіз жандарға қарағанда мейірбан сезінеміз. Айналаңыздағыларға қарағанда, ақшаңыз  көп болғанына өзіңіз тоқмейілсігеніңіз болмаса, көп ақша ешқашан үлкен бақытқа жеткізбейді. Біз өз жолдастарымыздың әрекетін  бақылай отырып, өзімізді олармен салыстыру дертінен арыла алмаймыз Осылайша, біз іштей олардың сәтсіздіктеріне, бастарына түскен қиындықтар мен бақытсыздықтарға шын жанымыз ашып, күйінудің орнына өзіміздің ондай бақытсыздыққа тап болмағанымызға қуанамыз.

Мен-концепциясы:

- «Мен-концепциясы» - бұл жеке тұлғаның өзіне деген қатынасымен немесе оның жеке қасиеттерімен байланысты өзі туралы барлық идеяларының жиынтығы, мұны өзін-өзі бағалау деп атайды.

- Өзін-өзі бағалау адамның өзін-өзі бағалау сезімін, өз құндылығын сезінуін және оның «Менінің» шеңберіне кіретін барлық нәрсеге оң көзқарасын дамыту дәрежесін көрсетеді.

- «Мен-концепциясы» бойынша жеке тұлғаның бейнесімен жұмыс жасай отырып, бұл құбылыстың теориялық аспектілерін жақсы түсіну қажет. «Мен-концепциясы» дегеніміз не? Адам өзінің «Мен-концепциясымен» жұмыс істегенде не болады? Өзіңізді табысқа қалай қоюға болады? Жеке адамға оң «Мен-концепциясы» не береді?

...

Скачать:   txt (26.2 Kb)   pdf (90.3 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club