Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы және азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
Автор: NNN888 • Май 29, 2018 • Курсовая работа • 21,682 Слов (87 Страниц) • 948 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ
ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ: ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының түсінігі…………....…………….....6
1.2 Адам құқықтары мен бостандықтарының қалыптасуы және
оларды сыныптау мәселесі.................................................................................17
2 САЯСИ ҚҰҚЫҚТАР МЕН БОСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
МЕН ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА
ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Саяси құқықтар мен бостандықтардың жүйесі……………………......…......32
2.2 Саяси құқықтар мен бостандықтардың түсінігі...............................................32
2.3 Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы
және азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.............................53
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................66
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс адам құқықтары жүйесінің маңызды бөлігін құрайтын азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын зерттеуге арналған. Жұмыс осы құқықтардың адамзат тарихында қалыптасуы, олардың түсінігі мен еліміздің заңнамасында қалыптасу үдерісі, Қазақстан азаматтарының саяси құқықтары жүйесі, қазіргі жағдайы мен даму болашағы қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 2007 жылғы 16 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» тақырыбында сөйлеген сөзінде осы уақытқа дейін мемлекетте демократияны дамыту бағытында жасалған іс-қимылдарына жан-жақты баға берді [1]. Президенттің айтуынша, біз еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, тәуелсіз Отанымыздың саяси тарихының жаңа да жарқын бетін ашпақпыз. 1995 жылдан 2000 жылды қоса алғанға дейін - осы заманғы демократиялық институттарды құрып, нығайту, 1995 жылы референдумда халық қабылдаған Конституция негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру біздің негізгі ісіміз болды. Ел Конституциясы терең экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси өзгерістерге байланысты үлкен жолдан өтуімізге мүмкіндік берді. Мұны егемен Қазақстанның жаңа ұлттық заңнамасы дәлелдеп шықты. Нақ соның көмегімен бұл жылдары біз Қазақстанды нақты демократиялық институттар әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетін елге айналдыру үшін берік іргетас қалай алдық. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқаны елдің ішінде де, оның сыртында да кеңінен танылған факт болып табылады. Ресейлік саясаттанушылардың бірі атап көрсеткендей, «Одақтың рейтингісінде көзге түспейтін он екінші орынды иеленетін бұрынғы Қазақ КСР орнына мықты және өзіне сенімді ел пайда болды» [2, 13 б.].
ҚР Конституциясының бірінші бабында белгіленген мемлекеттің ең қымбат қазынасы-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген ереже бүгінгі күні жай ғана декларативтік қағида емес, нақты мазмұнға ие мемлекет қызметінің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл ереже бойынша адам мемлекеттің қызметінде емес, керісінше мемлекет қарапайым адамның қызметінде болуы тиіс. Адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары барлық жерде және барлық субъектілермен бірден танылып, бірден қолданыла бастамайды. Қоғам тарихы адам құқықтары идеясы үшін үнемі күресіп отыру қажеттігін байқатады. Қоғам санасында адам құқықтары идеясы қай кезде де кешігіп түсінілген. Дегенмен де адам құқықтары мен бостандықтары қоғамдағы үздіксіз күрес нәтижесінде үнемі кеңейтіліп, тереңдетіліп отырғанын байқаймыз. Ал бұл үдеріс болса, өз кезегінде, демократияның даму процесімен ұштасып отырады.
...