Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Автор: Asemokkk • Октябрь 1, 2021 • Реферат • 331 Слов (2 Страниц) • 3,817 Просмотры
СӨЖ №1 Қайырғазы Әсел
Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Жалпы эмоция жайлы тақырыпты ашып түсіндіретін болсақ әр өркениет адамы үшін эмоциялық прогресс қалыптасқан дағды десек те болады. Эмоцияны әр адам бойында жүре пайда болатын құбылыс ретінде қарастырсу да қате тұжырым қатарына жатпайды. Сонымен қатар пайда болған әртүрлі жағымды немесе жағымсыз эмоцияларды адам бойынан ажырата білгенде дұрыс. Эмоцияларды әр жерде,әр бағытта дұрыс әрі орынды пайдалана білу де адам психологиясына тікелей байланысты.
Адам эмоциясың тұрақсыздығы оның психологиясының әлсіздігін білдіреді. Менің ойымша әр адамның эмоциялық тұрғыда өз жеке әлемі және оны басқару жүйесі болады. Менің эмоцияма келетін болсақ өз тұрақтылығы бар, психология тілімен айтар болсақ интраверт типіне жатады. Өз ортамда эмоциямды көп шығармауға, әрі эмоцияға берілмеуге тырысамын. Әр ортада өз біліктілігімді немесе әртүрлі мәселелерде сөзбен емес іспен дәлелдеуге тырысамын. Жалпы менің көзқарасым бойынша жағымсыз оқиғалар немесе жағымсыз әрекеттер болсын көптеген келеңсіз оқиғаларға алып келіп, ыңғайсыз жағдайларға тап болуға душар етеді. Ал, бұндай жағдайлар адам психологиясының бұзылуына тікелей қатысатын фактолардың бірі болып саналады. Сондықтан эмоцияны басқару, керек жерде тізгіндей білу өте маңызды әрі жауапты істердің бірі деп ойлаймын. Кей жайттарда байқаусыз болатын әртүрлі ашу үстіндегі немесе қуанышта орын алатын эмоциялық жайттар да кездеседі. Оған қарамастан менің эмоциялық әлемімде басқару және оны орынды қолдана білу сияқты қағидаларды басты орынға қойғым келеді.
...