Контрольная работа по "Психологии"
Автор: Selia • Март 10, 2022 • Контрольная работа • 41,639 Слов (167 Страниц) • 222 Просмотры
Аралық бақылау сұрақтары:
1)Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері.
Психология-ол адамның дара тұлғалық психикасын және өзінің сан-алуан сезімін,қабілетін,қасиетін және де адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы болып табылады кей-кезде психология адамның мінез-құлығын да зерттейді.Психология практикалық та,теориялық та қарастырылады.
Психология ғылымы басқа да ғылымдар секілді оның да даму тарихы,пәні мен зірттеу әдістері бар кең ауқымды және салалы ғылым болып табылады және де ол ғылымдардың негізгі салаларының бірі.Психология ғылымының тарихына тоқталатын болсақ ол екі үлкен кезеңнен тұрады.Оның бірінші кезеңі Аристотельдің бастауымен басталған және содан кейінгі ғалымдар да бұл саланы меңгере бастаған болатын бірақ ол заманда психология математика немесе медицина секілді маңызды ғылым болмаған болатын.Ал екінші кезеңіне келетін болсақ ол 1879 жылы бастау алған болатын яғни 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборотория ашылған болатын. Сол кезеңнен бастап психология саласы жақсырақ дамыды және қазіргі деңгейде психология өте маңызды ғылымдардың біріне айналды.
Психологияның негізгі мақсаты-адамның психикасын елестету арқылы сыртқы ортаның пайымдауымен жұптасқан айрықша іс-әрекеттің негізгі ретінде зерттеу болып табылады.Сонымен қатар психология ғылымы қазіргі таңда адамдарға тәлім-тәрбин беруде маңызды рөл атқарады.
Менің ойымша психологияның ең басты міндетінің бірі ол –қоғамдық ортада немесе кез келген ортада адамзаттың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қабілеттерін ашуға көмектесу ,оның дүниеге деген көзқарасын және темперамент немесе мінез-құлық ерекшеліктерін ашу болып табылады.Кез келген адам ортада өзің жайлы сезінбейді оған сіңісіп кету үшін немесе үйреніп ары қарай даму үшін оған көп уақыт қажет.Және психологияның ең басты қаситі мен міндеті осыда.Адам барлығын өз орнымен жасау керек және де өзінің ішіндегі ерекшеліктерін қолдана білу керек,қоғаммен ортақ байланыс құру керек қазіргі таңда көптеген жастар өздерін ортада тұйық немесе ерсіз ұстайды.Оларға психологиялық жағынан даму керек деп ойлаймын.
Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын, оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытьш отыруға баулиды.
2) Психологияның негізгі салалары (жалпы сипаттамасы).
Психология өте кең салалы және тармақты ғылым.Оның қазіргі таңда 40 қа жуық түрі бар.Және де әрқайсысы адамның пайдасы үшін,психикасы үшін қызмет жаасайды. Жалпы психологияның келесі салаларын бөліп көрсетуге болады:
Даму психологиясы
Даму психологиясы ғылыми көзқарас тұрғысынан әр адам өзінің өмір сүру кезеңінде болатын психологиялық өзгерістерді зерттейді. Оған жаңа туған нәресте, балалық шақ, жасөспірім, ересек және қарттық кезеңі кіреді. Бұл кезеңдердің әрқайсысы белгілі бір дағдыларды игеруді, жеке тұлғаны дамытуды, өзін-өзі бағалауды, тілді қолдануды және сайып келгенде, адамдар ретінде өзіндік ерекшелігімізді қалыптастыруды көздейді.
Білім беру психологиясы
Білім беру психологиясы адамның оқуы, әсіресе білім беру орталықтарының шеңберінде қалай жүретіндігін зерттеуге бағытталған. Басқаша айтқанда, бұл оқушылардың қалай білім алатынын және сол оқыту олардың дамуына қалай көмектесетінін зерттеу туралы. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру психологиясы білім беру модельдерін, оқу жоспарларын құруға және білім беру орталықтарын басқаруға пайдалы.
Отбасы және ерлі-зайыптылар психологиясы
Отбасылық қатынастар әртүрлі мүшелер арасындағы қарым-қатынас пен қарым-қатынас проблемаларын, сондай-ақ кейде психологтың талдауы қажет әр түрлі психологиялық бұзылуларды тудыруы мүмкін. Қарым-қатынас проблемалары, бейімделу қиындықтары, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіздігі, туысқанның патологиясы, балалардың сыртқы қақтығыстары және отбасында болуы мүмкін көптеген басқа аспектілер емделеді.
Жұмыс психологиясы
Еңбек психологиясы, оны ұйымдастырушылық психология деп те атайды, бұл психологияның жұмыс орны мен іскери ортамен айналысатын салаларының бірі. Кәсіби психолог адамның жұмыс орнындағы ақыл-ойы мен мінез-құлқын зерттейді. Тұтастай алғанда, жұмыс психологтары компаниялардың адами ресурстарына кіреді, дегенмен адам ресурстарының барлық компоненттерінің психолог болуы міндетті емес.
...