Контрольная работа по "Психологии"
Автор: nulunai • Сентябрь 28, 2020 • Контрольная работа • 2,291 Слов (10 Страниц) • 809 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Пән аты: Психология
Жұмыс: 2-дәріс бойынша өңдеу тапсырмасы
Орындаған: Аударма ісі, 1-курс студенттері
Қабылдаған:Тленчиева Н.С.
Алматы,2020 жыл
1)Мен және менің мотивациям. Мотивация және өзіндік мотивация. (Жауап берген: Әбдіқалық Ислам, Басымбек Жанерке, Серикова Диана)
Осы тақырыпты қарапайым өмірдегі болып жатқан жағдаймен қарастырсақ. Жақында мен бір баланың мақаласын оқып қалдым, ол өз мақаласында былай дейді: « мен жоғары оқу орнында оқимын. Әке-шешем бар, тұрмыс жағдайым жаман емес. Алайда менде өмірге деген құлшыныс жоқ. Не үшін өмір сүріп жүргенімді білмеймін. Өз сүйген ісіммен айналыса отырып, оны не үшін жасап жүргенімді түсінбеймін. Алдымен мотивация ұғымына анықтама берсек.
Мотивация- жеке бір тұлғаның өзінің материалдық немесе рухани қажеттіліктерін ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен қанағаттандыра отырып жетістікке жетуге деген ұмтылысы. Осыған орай қоғамдағы әрбір жеке адамның мотивациясы өзінің тұлғалық құндылықтарымен тығыз байланысты деп айтсақ болады. Яғни, әрбір азамат үшін жетістік ұғымы әр қилы болғандықтан, жетістікке жету жолы мен ынтасы басқаларға ұқсамайтын бірегей болады.
Жоғарыда айта кеткендей әр адамның мотивация туралы түсінігі, жетістікке деген талпынысы әртүрлі болады. Мысалы жеке менің өзіме келетін болсақ, менің түсінігімде мотивация ол тұрақсыз құбылыс, яғни менің ұғымымда мотивация ол жай ғана бір серпін, толқын секілді. Нағыз ұмтылыс тек әрекетке кірісіп, процесті өз қолыңа алған кезде ғана басталады.
Дегенмен де, сол әрекетке кірісу үшін мотивацияның стимул ретінде қызмет ететінін жоққа шығара алмаймыз. Біз сіріңкені отты тұтату үшін қалай қолдансақ, мен үшін мотивация да жетістікке жету процесінде тура солай маңызды рөл атқарады.
Мен нақты бір өмірдің мағынасы мен мақсатымды іздеймін. Мақсатыма жеткен сайын қатты қуанамын, алайда ол қуанышым өзіме мұның бәрін не үшін істеп жүрмін деген сұрақ қойғанда қуанышым су сепкендей басылады. Себебі мен бұл сұрақтың жауабын таппаймын......
*Өмірдің мәні мен өмірге деген құлшыныстың жоғалуы*деген сынды психологиялық жағдайды немесе депрессияны кез келген адам өмірінің әртүрлі шағында басынан өткеруі мүмкін.
Ақыл-есі дұрыс адамның толыққанды өмірін белгілі бір мақсатсыз, құлшыныссыз, талпыныссыз елестету қиын. Кейде алға жылжудың жоқтығын, өзіміздің дамуымыздағы тоқырауды сезінеміз. Сондай уақытта сиқырлы күш бізді демеп жіберсе екен дейміз. Бірақ шын мәнінде біздің сиқырымыз – мотивация екенін көбіміз түсіне бермейміз.» - деп айтқан екен...
Жалпы мотивацияның өзі бізге қажеттіліктен туады. Егер біз жабырқамасақ, сағымыз сынбаса бізге оның қажеті жоқ.. Алайда өмір сүру үшін, даму үшін , көркейу үшін , көкірегі ояу, көзі ашық жан болып жетілуіміз үшін де мақсат пен мотивация яғни жігер қажет.
2) Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер (Жауап берген: Кәдірбек Балнур, Елбол Аяулым )
1)Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі; Бұл мотивациялық факторлардың әртүрлі сапалығы,яғни адамда әртүрлі қажеттілік,мақсат,мотивтер неғұрлым көп болса,оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.
2)Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі; Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.
3)Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы; Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік,мақсат,мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін,керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.
Мотив (латын тілінде moveo– қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психология, заң, этика ғылымдары шұғылданады.
...