Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Когнитивті стиль дегеніміз не

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Доклад  •  306 Слов (2 Страниц)  •  2,210 Просмотры

Страница 1 из 2

5-тапсырма                                         Эссе

                     Когнитивті стиль дегеніміз не?

«Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік стильдің ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары барлық  білім салаларында когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік социология сияқты ғылым салалары пайда болды.Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, когнитивтік психология,когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Жалпы когнитивтік стиль деп - білімнің құрылысы немесе адамның ойлау әрекетін айтамыз. Психологияның бұл бағыты суббъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі,көзге көрінбейтін әрі нақты механизмдер мен процестер арқылы емес,сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталады. Когнитивті стиль тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысады.Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға алынған ойлау,шешім қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзі философтар,психологтар,лингвистер,нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралық әдістің қажет екенін мойындатуға әкелді. Қорыта келе, когнитивті стиль деп- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып, білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін стиль түрі.Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп,оны шешім қабылдауда, күрделі мәселелерді шешуде қолдана білуге тырысуы когнитивті әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік әдістің нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (39.7 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club