Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті оқыту

Автор:   •  Февраль 26, 2022  •  Статья  •  1,782 Слов (8 Страниц)  •  226 Просмотры

Страница 1 из 8

«Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі – кең».

М.Жұмабаев

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым –қатынасқа құқылы. Барлық адам бір – біріне қажет. Білім шынайы қарым – қатынас шеңбернде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытудың ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір – бірімен қарым – қатынас жасауға, танып – білуге, қабылдауға үйренеді.

Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу ге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [5.9]

Инклюзивті білім беру негізіне баланы кез-келген дискриминациядан құтқаратын, барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған. Кез-келген қатыгез білімділік жүйеден балалардың белгілі бөлігінің шығып қалатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені, жүйе бұндай балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын емес. Бұл салыстыру мектептегі барлық балалар санының 15 % құрайды, шығып қалған балалар оқшауланып қалады.

Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдаудың заманауи жағдайы мен беталысы әлемдік тәжірибеде қабылданған талап ережелері шеңберінде жүргізіледі. Әйтсе де, инклюзивті білім берудің қалыптасқан қазақстандық өзіндік моделі бар. Мектептерге инклюзивті білім беруді енгізу міндеті барлық балалардың мектеп қабырғасында бірлескен қарым-қатынас және әрекеттестік тәжірибесін жинақтауынан, өзге адамдардың әлеуметтік жағдайына, ұлтына, денсаулық жағдайына және т.б тәуелсіз өз мүддесін олардың мүдделерімен келісуден тұрады.

Инклюзияны іске асыруда Қазақстандық білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелердің қатарында ерекше білім қажеттігі бар балалар категориясының бара бара толығуын атауға болады. Алғашқы кезеңде мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана қамтыған инклюзивті білім беру мазмұны қазіргі таңда дарынды балалар категориясы толықтырылған.

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, оларды танып білу үдерісі ертеден басталады. Көбіне «Дарынды оқушы бұл жақсы оқитын бала»,- деген пікір қалыптасқан. Оқыту үдерісінде қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне айналасындағыларға түсінбеушілік туғызатын, әр нәрсеге өзіндік көзқарасы бар және ол өзгелерден бөлек жандарды П.Торранстың зерттеу жұмыстарында нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оқу үлгерімі төмен балалардың арасында да аз еместігін айқындаған.

Тумасында бойына

...

Скачать:   txt (27.7 Kb)   pdf (69.6 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club