Инклюзивті балаларды оқыту
Автор: danaermuratova • Февраль 26, 2023 • Эссе • 503 Слов (3 Страниц) • 197 Просмотры
ДЯ – 003, Ермұрат Дана
Эссе
Инклюзивті балаларды оқыту
«Педагог оқушысына деген махаббатсыз -
дауыссыз әнші, есту қабілеті жоқ музыкант,
түстерлі ажырату сезімі жоқ суретші. Барлық
ұлы мұғалімдердің оқушыларын шексіз жақсы
көре отырып, қуаныш мектебін армандауы,
оны құруыбекер емес».
Т. Гончаров
Мемлекет кез келген балаға тегін жалпы білім алу құқығына кепілдік береді. Дамуында ауытқулары бар балалардың және олардың білім беру мекемесінде қалыпты дамып келе жатқандығы және оларға арналған арнайв сыныптардың, мектептердің ашылуы, жұмыс ісиеуі осының ділелі бола алады. Инклюзивті білім беру білім берудің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Білімнің бұл құрамдас бөлігіндегі мұғалімнің атқаратын рөлі ең маңызды болып табылады. Орыстың Ф.А. Абрамов деген жазушысы: «Мұғалім - бұл планетамыздың болашағын қолында ұстайтын адам», деп айтып кеткен екен. Расында да көп уақытын балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын жалғыз адам ол - Мұғалім.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту кезінде инклюзивті процесті құруға және қолдауға қабілетті мұғалімге басты рөл беріледі. Инклюзивті мектептегі мұғалімге қойылатын ең маңызды талап: нақты оқу мүмкіндіктеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне, психикалық және физикалық денсаулығына қарамастан әртүрлі балаларды қабылдауға дайын болу. Ол кез-келген балаға көмек көрсетуге кәсіби көзқарастың болуы, балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі мәселелерді анықтай алуы керек. Тек кәсіби мұғалім ғана әр балаға ашуға мүмкіндік бере алады, қысым жасамайды, әлсіз және күшті деп бөлмейді, бірақ көмектеседі. Инклюзивті білім беруде мұғалімдердің бұл құзіреттіліктері мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қалыпты қоғамдық өмірге бейімдеуге, өздерін қалыпты оқушылармен тең сезінуіне жол ашады. Видеодан көргеніміздей бірде бір мұғалімнің бойынан қалыпты емес оқушыға сабақ беріп жатырмын деген сезім мүлде байқалмайды. Тіпті бір қараған кезде есту қабілеттері нашар дамыған, сөйлеу аппараттары зақымданған балалардың сұрақтарға жауап беріп, ағылшын тілінде ән айтып тұрғанына көріп қалыпты оқушы деп ойлап қалуың мүмкін. Нағыз мұғалім әр балаға назар аударып, құрметпен қарайды. Видеоға сәйкес сабақ барысында оқушылар әрқайсы өздерінің аттарын атаған кезде бірден тақтаға шығып тапсырмаларды орындап, атқан тапсырмаларды бірден түсінгендіктерін көреміз. Яғни олардың ауытқушылықтарына қарамастан қалыпты өмір сүрулернде қиындықтар аз деп айта аламыз. Мұғалімдердің сабақта өздерін қалай ұстайтынын, нақты әрі баяу темппен сөйлейтінін, жест қолданатындарын байқадық. Алғашқы видеода Әрбір мұғалім мұғалім ортаға шығып жаттығулардың бірнеше түрін көрсетті. Сонымен қатар бұл балалармен жұмыс жасау үлкен шыдамдылықты, жұмысты қажет ететінін білеміз. Алайда бұл еңбектің нәтижелі екенін көрдік. Оқушылар мақал мәтелдерді, викторина сұрақтарына жауап беріп отырды, олардан оқуға деген ерекше ынта байқалады. Аттарын атаған кезде бірден тақтаға жүгіріп шығып тапсырманы жақсы орныдауға тырсады. Көрген видеолардан мұғалімдердің іс әркеттерін, әдіс тәсілдерін тамашалап қана қоймай, болашақта осындай жағдаларда қалй әрекет ету керек деген сұраққа жауап алдық, аздаған тәдірибе ала алдық
...