Болашақ педагог-психологтардың сын тұрғыдан ойлау қабілетін диагностикалау
Автор: jumabaeva • Март 13, 2018 • Магистерская работа • 23,186 Слов (93 Страниц) • 1,522 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 378.125:378.194 22
Қолжазба құқығында
ДЖУМАБАЕВА ЛЯЗЗАТ
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6М010300- ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ мамандығы бойынша педагогика және психология ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН – 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
«Жалпы психология» кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.д., профессор
____________Ж.З.Торыбаева
«___»_________20__ ж.
Магистрлік диссертация
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
мамандығы: 6М010300- ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Магистрант ____________________ Л.С.Джумабаева
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.д., профессор _________________ Б.А.Оспанова
ТҮРКІСТАН – 2014
Қ.А.Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университеті 6М010300 - «Педагогика және психология» магистр мамандығын бітіруші МПК-211 тобының магистранты Джумабаева Ляззаттың «Болашақ педагог-психолог мамандардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдірудің ерекшеліктері» атты тақырыбында жазылған магистрлік диссертациялық жұмысына
П І К І Р
Джумабаева Ляззат «Болашақ педагог-психолог мамандардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдірудің ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысы жаңа білім беруде болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге арналған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бүгінгі күні қоғам дамуының маңызды шарттарының бірі болып отырған болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін дамытудың мәнін терең ашуға арналған.
Болашақ мамандардың өзін-өзі тұлға ретінде сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетін дамыту жөнінде толық түсінік беріп, бұл уақытқа дейін бұл мәселемен кімдер шұғылданғанын тізбектеп көрсетіп, ашылмаған, тың мәселелерге кеңінен тоқталған. Болашақ психолог-педагог мамандардың сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетін қалыптастыру үшін қандай шарттар орындалуы қажет екендігі, болашақ мамандардың сын тұрғысынан ойлау іс-әрекеттерін дамытудың әдіснамалық ұстанымдары нақты көрсетілген.
Болашақ психолог-педагог мамандардың танымдық іс-әрекетін дамыту мәселесінің бағыттылығын, оқытушыдердің танымдық іс-әрекеттерін дамытудың жолдарын жақсы талдап өткен.
Екі тараудан тұратын жұмысында өз тақырыбын теориялық жағынан да, практикалық жағынан да толықтай аша білген.
Қорыта айтқанда Джумабаева Ляззат «Болашақ педагог-психолог мамандардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдірудің ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысын аяқталған деп есептеуге болады.
Ғылыми жетекші,
п.ғ.д., профессор: Б.А.Оспанова
Қ.А.Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университеті 6М010300 - «Педагогика және психология» магистр мамандығын бітіруші МПК-211 тобының магистранты Джумабаева Ляззаттың «Болашақ педагог-психолог мамандардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдірудің ерекшеліктері» атты тақырыбында жазылған магистрлік диссертациялық жұмысына
С Ы Н П І К І Р
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу - өндірістік кешендер құру; жоғары оқу орнында болашақ педагог-психолог мамандарының сын тұрғысынан ойлау қабілет деңгейін көтеруде студенттердің сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми – педагогикалық шарттарын нақтылау қажеттілігі туындап отыр.
...