Іскерлік қатынас және кәсіби қарым-қатынас психологиясы
Автор: Akzhol200007 • Март 20, 2023 • Реферат • 875 Слов (4 Страниц) • 244 Просмотры
8-Дәріс. Іскерлік қатынас және кәсіби қарым-қатынас психологиясы
Дәрістің жоспары:
1.Іскерлік қарым-қатынас писхологиясы
2.Кәсіби қарым-қатынас психологиясы
3.Бизнес психологиясы
Түйін сөздер: іскерлік, іскер тұлға, кәсіби қарым-қатынас, іскерлік қатынастар, бизнес писхологиясы, экономикалық мінез-құлық
Адамдардың қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастан тұрады. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс-бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттестік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдары мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөлісе алмасады. Тілдесу қызметінің нәтижесі-өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты.
Іскерлік қарым-қатынас барысында адам жетістігі мен оның табиғаты. таныстықтың санын көбейтудегі және адамдар арасындағы қарым-қатынасты байланыстырудағы ең бірінші қадам-бұл адамдардың шынайы ұмтылуы. адамды тануда, кең түрде айтсақ,адамдарды табиғатына қарай ажырата білу керек,ол үшін әр адамның орнына өзіңді қоя білу керек. бірақ өзіңе қарап адамдарды бағалауға және де өзінің еркіндігіңді біреулерге тағуға болмайды.сонымен адамдар кандай болады?
Ең бірінші,адам басқаға емес, өзіне қызығушылық танытады. басқаша айтқанда, адамның өзіне деген назары басқаларға қарағанда мың еседей жоғары болу керек. сен де – сондайсың. дүние жүзіндегі адамдардың қызығушылықтарына қарағанда, өзіңе қызығушылығың басым. ең басты шындық-« адамдар ең бірінше өз жағдайын ойлайды», ол-басқа адаммен сөйлесуге мүмкіншілік береді.
Басқа біреумен әңгімелескенде, оларды қандай, тақырып қызықтыратына көңіл бөлу керек. ол қандай адам? әрине, ол тақырып сол әңгімелесуші адам жайлы болу керек. басқа біреумен әңгімелескенде, оларды қандай, тақырып қызықтыратына көңіл бөлу керек. ол қандай адам? әрине, ол тақырып сол әңгімелесуші адам жайлы болу керек. әртүрлі адамдар жөнінде біздің бірінші пайымдауымыз сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э. Кречмер, Х. Шелдон, т.б. ).
Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар- көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар- көбіне тұйық, оқшауланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер- ұстамсыз, дүлей келеді.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке-дара кәсіби ерекшеліктер көп рөл ойнайды. Әлеуметтік ортада жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, дәрігер, экономист, саясаткер т.б.) төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану - осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан-жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияның зерттейтін бірден-бір пәні ретінде бөліп қарастырды. Сондықтан да қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданды.
Леонтьев А.А. “қарым-қатынас” ұғымын әмбебап коммуникативті әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
...