Ұғымдардың қандай арақатынасы бар: ақиқат, қателік, жалған, елестету және фантазия
Автор: Araimakhambetova • Апрель 9, 2020 • Контрольная работа • 519 Слов (3 Страниц) • 991 Просмотры
Ұғымдардың қандай арақатынасы бар: ақиқат, қателік, жалған, елестету және фантазия?
Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты (латынша- adaeguatus- теңестірілген) білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып, пайымдалған. Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады. Аристотеь былай деп жазды: «ажыратылғанды- ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам - заттың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам ». Ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы екі формасы түрінде көрінеді. Абсолюттік ақиқат - ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектиканың ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан - жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылығы терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күменділік деңгейін ықтималдылық теориясымен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды.Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
...