Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас

Автор:   •  Август 28, 2022  •  Статья  •  1,088 Слов (5 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 5

        

УДК 91(035)

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас

Магистр аға оқытушы Истлеева Ж.Қ.

ист-419  Абдулаева А А

Универститет «Мирас», г.Шымкент, Казахстан

Резюме: В этой статье рассматривается политические и экономические отношения Казахстана между Киргизии

Summary: This article maps the political relations and ekononmicheskii worlds Kazakhstan and Kyrgyzstan

   Қазақ-Қырғыз қарым-қатынастары XVI-XVII ғасырлардан басталады.Қазақ-қырғыз қарым-қатынасары қазақтардың  Моғолстан мен қалмақтарға қарсы күресі барысында  қалыптасты.Бұл қарым-қатынастар әсіресе Тахир ханның тұсында нығайа түсті.Шығыс авторларының деректеріне 1525-1526 жылдары қазақ елінің ішіндегі шиеленіскен жағдайға байланысты,Тахир Моғолстанға кетуге мәжбүр болды.Осы кезде оған Қырғыздардың үлкен тобы қосылды.Қазақтар мен Қырғыздардың біріккен күшінен қорыққан Моғолстан билеушісі Рашид сұлтан Қошқардан Атбасы деген жерге шегінді.Ол  ақыры Ыстықкөл маңында болған ұрыста Қазақ-Қырғыз біріккен күші қолынан қаза тапты.Тахир өмірінің соңына дейін қырғыздарға саяси билік жүргізді.Қазақтар мен Қырғыздардың саяси соғыс одағы Ақназар  «Хақназар» ханның билік жүргізген дәуірінде де өз күшін жойған жоқ.Ақназардың Моғолстан билеушісі Абд әл-Латиф сұлтанға қарсы күресінде Қырғыздар оған әскери көмек берді. Қазақтар мен Қырғыздардың біріккен қолы Моғолдарды жеңіп, Абд әл-Латифті  қолға түсірген.Моғолстан мен Қазақ хандығы арасындағы жетісудағы жер үшін күрес Есім ханның дәуірінде де тоқтамады.Бұл күресте оны Қырғыз билеушілері қолдады.Қырғыздардың біраз рулары оған бағынышты болды.Қазақ-Қырғыз саяси  байланыстарындағы Есім  салған жол Тәуке ханның тұсында одан әрі дамыды.Қырғыздардың едәуір бөлігі Тәуке ханға тәуелділігін мойындады.Тәуке хан өз әмірін Қырғыз биі Қоқым арқылы  жүргізіп отырды. [3]

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы  арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 15-қазаннан бастап қалыптасқан. Екі жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі 150-ден астам құжаттардан тұрады және олардың негізгілері болып 1997 жылы 8-сәуірде қол қойылған  Мәңгілік достық туралы  шартпен 2003 жылы 25-желтоқсанда қол қойылған одақтастық қатынастар туралы шарт болып есептеледі.Қазіргі кезде  екі жақты достық қарым-қатынастар  одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде. 2007 жылы қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылы 25-26-қазанда Бішкекте 2-ші Форумы өтті. 2009 жылы 16-маусымда Қазақстанда Қазақ-Қырғыз үкімет аралық кеңестің бірінші отырысы өтті.Отырыс аясында сауда-экономикалық, су-энергетикалық,инвестициялық және мәдени –гуманитарлық салаларда  ынтымақтастықты тереңдету мүмкіншіліктері талқыланды.Қазақстан Республикасы  Қырғызстанның басты сыртқы саяси әріптестерінің бірі. 2009 жылы сауда айналымы 507,0 млн Ақш долл. құрады (экспорт-390,5 млн., импорт-116,5 млн.), бұл көрсеткіш әлемдік қаржы дағдарыстың әсерінен 2008 жылмен салыстырғанда 16,7 % төмен. 2010 жылы 1 желтоқсанында 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 % көбейіп 103,7 млн.АҚШ долл. құрады (экспорт-84,5 млн.,импорт-19,2 млн.АҚШ долл.). Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.Олар өз қызметін экономика,энергетика,газ тасымалдау,өнеркәсіп,құрылыс материалдарын шығару,банктік сектор салаларында жүзеге асыруда. Қазақстанда Қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде.Мәдени гуманитарлық ынтымақтастық  қарқынды дамуда.Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер,халықаралық ғылыми,симпозиумдар,  «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдық өкілдерінің қатысуымен  семинарлар өтеді.[1]

 Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа іс-сапармен келіп қайтуға шақырғаны үшін шынайы ризашылығын білдіре келіп,екеуара кездесуде талқыланған  мәселелерге тоқталды.Талқыланған барлық мәселелер  бойынша біздер толық өзара түсіністік таптық, деді сөзін қайырған Қырғызстан президенті.Жаңа сіз атап өткендей,енді біздердің сөзден нақты іске көшетін уақыт келді.Сол,міне бүгіннен басталады.Кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан мен Қырғызстан президенттері энергетика,ауыл шаруашылығы,көлік және коммуникация,кен байыту,өңдеу өнеркәсібі,туризм және басқа салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.Сонымен қатар мемлекет басшылары уәкілетті органдарға биылғы жылы Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесін және Қазақстан Қырғызстан өкіметаралық кеңесі өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп,оларды белгіленген уақытында өткізуді тапсырды.Басқа салаларға қарағанда екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығы белсенді дамып келеді.Ел басының тапсырмасы бойынша Қырғызстанда 900 орындық жалпы білім беретін мектеп салу жөніндегі жоба әзірленді.Оның жалпы құны 8 млн.долл. асады.Бұл жоба жақын арада Қырғызстан тарапынан ұсынылды.Сондай-ақ әскери кадрлар  дайындау туралы келісім аясында 1998-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында 70-ке жуық Қырғызстандық әскери қызметші ақысыз білім алуда.Ал қазіргі кезде біздің елімізде қырғызстанның 110 әскери қызметшісі оқып жатыр. Сонымен қатар  Бішкек Гуманитарлық университетінде  қазіргі кезде қазақ бөлімі жұмыс істейді [2]

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (110.9 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club