Вербалды және вербалды емес қарым қатынас
Автор: aruzhanmuraaa • Октябрь 16, 2018 • Реферат • 3,393 Слов (14 Страниц) • 2,630 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қайнар Академиясының колледжі
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Вербалды және вербалды емес қарым қатынас
Орындаған: «Құқықтану» мамандығының
3 курс студенті Каирдынова Ә.А
Тексерген: пән оқытушысы Курмангалиева А.Н
Алматы 2018
Жоспар:
І Кіріспе __________________________________________________ 3 бет
ІІ Негізгі бөлім ____________________________________________ 4-11 бет
а) Вербалды және вербалды емес қатынастың жалпы түсінігі
б) Қарым қатынастың негізгі белгілері
в) Ғалымдардың тұжырымдамасы
ІІІ Қорытынды ____________________________________________ 12 бет
IV Әдебиеттер тізімі ________________________________________ 13 бет
Сабақтас ұғым қатарлары бар: оларды әр зерттеуші түрліше түсіндіретін, кейде олардың араласуына әкеліп тірейтін вербалдық емес коммуникация, вербалдық емес мінез-құлық, вербалдық емес қарым-қатынас, паралингвистика, кинесика.
В.А. Лабунская психология тұрғысынан вербалдық емес қарым-қатынасты – ақпарат берудің негізгі құралы ретінде пайдалану, әрекеттестікті ұйымдастыру, бейнені, серіктес туралы түсінікті қалыптастыру, басқа адамға вербалдық емес құралдардың әсер ету жүзеге асырылуы тән қарым-қатынас түрі ретінде анықтайды.Вербалдық емес қарым-қатынасты зерттеудің ежелгі бағыты – ол адамның сөйлеу мінез-құлқымен байланысты зерттеу. Ол шешендік өнер жөніндегі трактаттардан бастау алады және паралингвистка, экстралингвистика, психосемиотика, социолингвистика және т.б. салаларда көрсетілген. Заманауи вербалдық емес қарым-қатынас психологиясы пәнаралық ғылым ретінде қалыптастырылады. В.А.Лабунская атап көрсеткендей, вербалдық емес қарым-қатынас түсінігі, құбылыстардың кең аясын біріктіретін және адамның дене қозғалысымен қатар, еңбек, тұрмыс, киім, косметика, қоршаған орта, архитектура, балет, музыка, сурет өнері, яғни сөз еместің барлығынан тұратын вербалдық емес (ауызша сөздік емес) түсініктермен түйіндес. Вербалдық емес тіл кеңістік-уақыттық тұтастықты білдіретін, континуальды, еріксіз, ықтималдық, нақтылы, табиғи, бастапқы, жартышарлық, басым дәрежеде аффективтік, интуициялық, түйсіксіз жасалған, мақсатсыз, абайсыз болуы арқылы вербалдық тілден өзгешеленеді. Вербалдық емес тілге код беру және кодты шешу күрделі, көбінесе, көзбен шолу құбылысы, ал вербалдық – вокалдық-дыбыстық құбылыс болып табылады. Вербалдық емес коммуникациялар – бұл барынша дәл мәндер шеңберіне ие және лингвистикалық таңбалар жүйесі ретінде сипатталатын, жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сапаларынан тәуелсіз және қандай да бір дәрежеде шеттетілген, хабарды барынша дәл дәрежеде жеткізуге үшін қолданылатын вербалдық емес символдар, белгілер, кодтар жүйесі.
Психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
Шартты, интенционалды, ырықты ымдар, дене қимылдары, дене тұрысы, бет әлпетіне код беріледі және код алынады, мәндердің шектеулі шеңбері бар белгілер рөлін және хабарлама қызметтерін нәтижелі атқарады. Вербалдық емес ұғымы вербалдық емес коммуникация түсінігіне қарағанда, аясы кең, ал вербалдық емес қарым-қатынаспен салыстырғанда аясы тар ұғым.
Вербалдық-вербалдық емес коммуникациялар мен вербалдық емес мінез-құлық арасындағы басты айырмашылық (P.Ekman и R. Scherer, 1984) 1) дискреттілікке қарсы континуальдылықта; 2) инварианттыққа қарсы вариабельділікте; 3) еріктілікке қарсы ырықсыздықта; 4) вербалдық емес құралдарды символдар немесе белгілер ретінде жатсына пайдалануға қарағанда адамның психикалық жағдайына байланысты болуында [20].
...