Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

7-сынып оқушыларының ағылшын тілін оқытудағы мотивацияның әсері

Автор:   •  Июль 22, 2022  •  Эссе  •  2,228 Слов (9 Страниц)  •  347 Просмотры

Страница 1 из 9

7-сынып оқушыларының ағылшын тілін оқытудағы мотивацияның әсері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру Дегенмен қазіргі сәтте мемлекеттің бұл қойып отырған мақсатын жүзеге асыру үшін оқушының оқу ынтасы жоғары болуы шарт. Мәселенің шешімі прогрессивті педагогикалық технологияларды қолдануда көрінеді. Оның бірі – жобалық әрекет. Жобалық әдістің оқушылардың дербестігінің және танымдық мотивациясының жоғары болуымен ерекшеленеді. «Шетел тілі» пәнін жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына эксперименттік-диагностикалық оқытуды қолданудың тиімділігін дәлелдеп, негіздеуге тырыстық.

Зерттеу нәтижелерін талдау жобалық жұмыс арқылы ағылшын тілін үйренуге деген мотивацияны қалыптастырудың ең құнды негізі оның сандық эмпирикалық деректермен дәлелденген ішкі формасы екендігін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды әдістемелік әдіс-тәсілдер оқушылардың жалпы оқу процесіне және атап айтқанда оқушылардың ішкі мотивациясын арттыруға бағытталуы керек. Эксперименттік диагностикалық тестілеу қатысушылардың тілдік дағдыларын объективті түрде жақсарғанын байқадық. Бұл жобаның маңыздылығын растайды. Осылайша, эмпирикалық жолмен алынған қорытынды деректер (тестілеу мысалында) жобалық оқыту контекстінде және тәжірибелік мұғалімдерге нұсқаулық ретінде пайдалануға негіз.

Тәжірибелік мәселелерді шешу дегеніміз ол оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзін-өзі ұмтылдыру және дербес шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Өзін-өзі жетілдіру және мәдени деңгейін көтеру қазіргі білім берудің басты мақсаты. Жалпы білім беретін мектепте осы мақсатқа жету үшін оқушылардың жеке тұлғасын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға атсалысуда.

Шетел тілін оқытудағы жобалық әдістің тілдік дағдылар мен сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Шет тілі сабақтарында жобалық әдістемені қолдану арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктері дамыды. Бұл мемлекеттік білім стандарттарына  сәйкес шет тілін оқытудың негізгі мақсаты [1, 64 б].

Алайда, мемлекеттік білім беру стандарттарында көрсетілген оқудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу оқушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығынсыз мүмкін емес.

Әсіресе, жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер үшін оқу мотивациясын арттыру мәселесі өзекті. Дәл осы жас аралығының өзінде оқу іс-әрекетіне байланысты оқуға және сабаққа деген үлгерімі нашарлап, ынтасы мен мотивациясы төмендейді. Жасөспірімдік шақтың балалар белгілі бір мәселені шешуде дербестік көрсетуге мүмкіндік беретін оқу бағдарламасының болғанын қалайды. Біздің ойымызша, мектеп сағаттарында жобалық әдісті қолдану оқушылардың өз бетінше әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, шет тілін үйренуге деген ынтасын арттырады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі таңдағы жобалық әдіс шетел тілін үйренудің тұрақты мотивациясын қалыптастыруға ықпал ететін, белсенді тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ең тиімді педагогикалық технологиялардың бірі болатынына сеніміміз мол.

Бұл жұмыстың мақсаты – ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін шет тілін оқыту үдерісінде жобалық әдісті қолданудың теориялық негіздерін және оқу іс-әрекетінде жобалық технологияны енгізуді жан-жақты сипаттау. Оқу мотивациясының деңгейін арттыруға бағытталған жобалық әдісті қолдану арқылы ағылшын тілі сабағында оқу әрекетін ұйымдастыру әдістемесі қалыптастыру.

Мотивация – шет тілін үйренудегі табыстың негізгі құрамдас бөлігі. Оң мотивацияның арқасында оқушылардың сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріндегі тілдік дағдылары дамып, жетіледі [2, 38 б].  

...

Скачать:   txt (33.7 Kb)   pdf (151.9 Kb)   docx (28.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club