Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың заманауи стратегиялары

Автор:   •  Ноябрь 27, 2022  •  Дипломная работа  •  8,964 Слов (36 Страниц)  •  314 Просмотры

Страница 1 из 36

Қaзaқcтaн Pеcпубликacы бiлiм және ғылым миниcтpлiгi

 «Тopaйғыpoв унивеpcитет» кoммеpциялық емеc aкциoнеpлiк қoғaмы

Гумaнитapлық және әлеуметтiк ғылымдap фaкультетi

Шетел филoлoгияcы кaфедpacы               

Қорғауға жіберілді        

___ _______20___жыл                                                                          

Кафедра меңгерушісі      ____________      Каирбаева Акмарал Канатбековна        

                                                                                           (қолы)                                                               (аты-жөні, тегі)                        

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың заманауи стратегиялары

(тақырыбы)

[pic 1]

5В011900 Шет тiлi: eкi шeт тiлi мaмaндығы бoйыншa

                                    (шифр)                                                (мамандық атауы)

Орындаған:               ______________        Кенжетаева Мадина Хамитовна

                                                                                  (қолы)                                                                         (аты-жөні, тегі)        

Топ: ШТ-401

Ғылыми жетекші:

қауым. проф. (доц.)      _____________        Капенова Жанарсын Жуматовна 

(қызмeтi, ғылыми дәpeжeci)                                      (қолы)                                                                  (аты-жөні, тегі)

 

Нормабақылаушы:     _____________        Мадеева Асия Айтуаровна 

                                                                                    (қолы)                                                                 (аты-жөні, тегі)

Павлодар[pic 2]

2021


Жоспар

Кіріспе

3

1 Қазақстан мектептеріндегі жаңартылған білім беру бағдарламасы

6

1.1 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша нормативті-құқықтық құжаттар

12

1.2 Функционалды сауаттылық білім берудің базалық негізі ретінде

18

1.3 Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту

24

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дипломдық жұмыcтың өзектiлiгi: Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Шет тілі сабақтарында жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді қолдану білім сапасын айтарлықтай жоғарылатады. Сондықтан да мектепте ағылшын тілін еркін меңгеруге әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

...

Скачать:   txt (125.7 Kb)   pdf (273 Kb)   docx (61.6 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club