Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қиын» оқушылардың пайда болуына себепті факторлар

Автор:   •  Октябрь 7, 2018  •  Реферат  •  2,477 Слов (10 Страниц)  •  1,894 Просмотры

Страница 1 из 10

Жоспар

1. «Қиын» бала ұғымы

2. «Қиын» оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.

3. Девиантты мінез-құлық, девиантты балалар

4. «Қиын» балалардың оқудан тыс уақытын ұйымдастыру

5. Сынып жетекшінің «қиын» балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері

6. «Қиын» балаларға педагогикалық қолдау көрсету

7. «Қиын» балалармен қарым-қатынас орнату

Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады.[5]

Балалар тәртібінің ауытқу мәселесі педагогика ғылымының тарихында және тәжірибелік педагогикалық іс-әрекет барысында отандық және шетел ғалымдарын толғандыратын мәселесі жатады. К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, П.Ф.Лесгафт тәрбие мәселесімен қатар, тұлға бұзылыстарының алдын алуға, балалар тәртібінде ауытқулардың бастамаларын дер кезінде байқап және ерте анықтауына көп көңіл бөлген.

Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық және “қиын” балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеді. “Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар” және т.б.

А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухамлинский бастысында бірауыз болды: тәрбиесі қиын – көпшілігі қалыпты жағдайдағы балалар, яғни оларды балалардың жалпы тобынан бөлудің қажеті жоқ, оларды құрбыларының арасында еңбекпен тәрбиелеумен қатар балаларды қиын жасаған жағдайлармен себептерді жою керек деген.

А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.

Қиын бала дегеніміз – балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы; педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.[1]

Жекеменшік ұйымдарда қызмет атқару нәтижесінде психолог М.Бремсон қиын балаларда кездесетін мінездерін топтастырған:

- басқыншылық (агрессия), оның өзі мынадай типтерге бөледі: «шерман танктері», «мергендер», «жарылу». Бұндай адамдар басқалардың жүйкесін жұқартатын сөздер айтып, тисіп тұратындары, егер оны тыңдамаса ашуланып қалады;

- арызданғыштар, үнемі бір нәрсеге риза болмай жүретіндер. Олар өз проблемаларын шешу үшін ештеңе істемейді, өйткені өзін әлсіз сезінеді, не болмаса жауапкершіліктен қашқалақтайды;

- үндеместер, қазқата бұны «тұйық» адам дейді. Олар салмақты, көп сөйлемейді. Олардың не ойлып тұрғанын нені қалайтынын біле алмайсыз;

- ерекше тіл алғыштар (сверхпокладистые), қандай жағдайда болмасын «ия» деп келісіп әр қашан қолдауға дайын екендігін білдіретіндер. Бірақ олардың сөзі, ісімен сәйкес келмейді, айтқанын орындамайды, сатып кетуі ықтимал;

- мәңгі уайымшыл, әр қашан жеңілісті көріп тұрады, істеген ісінен ешнәрсе шықпайды деп отырады. Олар ылғи да «жоқ» дейді, егер «мақұл» десе, мазасы кетеді;

- білгішсінетіндер, олар басқалардан өздерін жоғары санайды, өйткені өз пікірінше білмегені жоқ. Осы

...

Скачать:   txt (39.6 Kb)   pdf (85.1 Kb)   docx (24.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club