Газдың, мұнайдың және судың пайда болуын ескерту және олармен күрес
Автор: big.king • Июнь 3, 2019 • Реферат • 1,977 Слов (8 Страниц) • 776 Просмотры
№ 30 Дәріс. 5.3 тақырып. Газдың, мұнайдың және судың пайда болуын ескерту және олармен күрес
Газ, мұнай, судың пайда болуы: түрлері, тәне белгілері, себебі, ескерту шаралары; скважина сағасын шығарып тастауға қарсы жабдықтармен байлау сызбасы.
Грифондар және тізбек аралық қиындықтар. Олардың пайда болуы және жою жолдары.
Газ, мұнай және су белгілері. Бұрғыланып жатқан қабаттарда газ, мұнай және су кездесуі мүмкін. Газ жарықшақтар мен кеуектер арқылы ұңғымаға өтеді. Егер қабат қысымы ұңғыманы толтырып жатқан бұрғылау ерітіндісінің қысымынан жоғары болса, онда газ үлкен күшпен ұңғымадан сұйыктықты лактыруы мүмкін - газ, кейде мұнай фонтандары пайда болады. Бұл құбылыс бұрғылаудың қалыпты үрдісін бұзып, қондырғылардың бұзылуына, кейде өртке әкеледі. Біршама қатпарлы қысым астындағы су немесе мұнайда ұңғымаға өтуі мүмкін. Нәтижесінде бұрғылау ерітіндісінің атқылауы, кейін су немесе мұнайлы фонтанға айналған су немесе мұнай атқылаулары болуы мүмкін.
Аткылау қабат қысымынан жоғары болатын газдың ұңғымаға өту нәтижесінде ғана бола бермейді. Газ ерітіндіге біртіндеп ұсақ көпіршіктер түрінде нашар саздалған ұңғыма қабаттарынан немесе бұрғыланған таужаныстарынан өтуі мүмкін. Егер бұрғылау жұмыстарында ұзақ үзіліс болса, ерітінді газдарға біршама байытылады. Газдың көпіршіктері ұңғыма забойында үлкен қысым астында орналасқан, бұл газдың біршама сығылуына әкеледі, ал көпіршіктердің көлемі аз болады. Циркуляциялану кезінде бұрғылау ерітіндісі жоғары көтеріліп газдың көпіршіктерін жер бетіне шығарады. Көпіршіктер жер бетіне жақындаған сайын, оларға түсетін қысым азая береді, ал көлемі ұлғая береді. Нәтижесінде көпіршіктер ұлғайтып, бұрғылау ерітіндісінің біршама белігін алып жатады, ал оның тығыздығы төмендейді. Бұрғылау ерітіндіснің бағана салмағы газдың қысымына төтеп бере алмайды және атқылау пайда болады. Біртіндеп ұңғымаға өткен су мен мұнай ерітіндінің тығыздығын төмендетіп, нәтижесінде атқылау болуы мүмкін. Атқылаулар ұңғымада бұрғылау ерітіндісінің деңгейінің төмендеуінен де болуы мүмкін, бүл циркуляция тоқтаған жағдайда немесе құбырларды көтеру кезінде ұңғыма толмаған кезінде болуы мүмкін.
Газбелгілерінің алғашқы белгілеріне келесілер жатады:
циркуляция қалпына келген кезінде газбен байытылған бұрғылау ерітіндісінің қабаты жер бетіне шыққанда;
қабаттардан газдың шектеулі өтуі кезінде ұңғымадағы кайнау, бұл бурғылау ерітіндісінің шамалы тұтқырлығы мен ығысудың статикалық кернеулігінде бақылануы мумкін;
ұңғымадан ерітіндінің шамалы ағысы;
Бұрғылау сорғыштарының қабылдау сыйымдылықтарында сұйықтықтың деңгейінің көбеюі (циркуляциялық жүйеге сұйықтықты қоспай); газокаротажды станциялар бойынша газдың көрінуі. Бұл жағдайларда ұңғыманы жууды күшейтіп, арнайы тапсырысқа дейін бұрғылау жұмыстарың немесе көтеру-түсіру операцияларын тоқтатуға, ерітіндіні дегазациялау үшін шараларды қолдану қажет. Атқылауды тоқтату үшін, ұңғыманың тереңдігіне байланысты, ұңғымадағы сұйықтық бағанасының гидростатикалық қысымы қабат қысымына қарағанда 5... 15% жоғары болуы қажет. Қабат түсетін қысымды жоғарлату үшін, ауырлатылған сазды ерітінділер қолданылады. Сазды ерітінді ауырлатылған кезінде, тұтқырлыққа үлкен көңіл бөледі, оны мүмкіндік болса минималды күйінде сақтау қажет. Бірақ мұнай, газ немесе қарқынды су атқылаулармен күресу шарасы ретінде сазды ерітіндіні ауырлатумен шектелмеу қажет, себебі атқылау аяқ астынан немесе аз уақыт ішіңде басталуы мүмкін, ал ерітіндіні ауырлату өте ұзақ операция.
Басталған атқылауды тоқтату үшін, ұңғыманы тез арада жабу қажет, егер ұңғыма сағасы арнайы атқылауға қарсы қондырғылармен герметизацияланса бұл операцияны жүзеге асыруға жеңіл болады. Ұңғыма сағасын герметизациялау үшін, атқылауға қарсы қондырғы кондуктордың бағаналық фланецта орнатылады, ол превентордан, өткізгіш фланецті катушкалардан, тосқауылдардан, бағаналық бастардан және басқа арнайы арматурадан құралган.
Қазіргі уақытта превенторлардың бірнеше типі қолданылады. Плашкалы превенторларды қолдану кезінде ұңғыма орталыққа қозғалған, металды арматурасы бар арнайы резинадан жасалған плашкалармен жабылады. Әдетте, ұңғыма сағасында плашкалармен жабдыңталған екі превентор орналасқан, олардың өлшемдері ұңгымада орналасқан құбырлардың сыртқы диаметріне сәйкес келеді. Плашкаларды қолмен штурвалдың көмегімен, сонымен қатар гидравликалық немесе электрлік жеткетің көмегімен жабуға болады. Плашкалардың конструкциясы ұңғыманың ішінде пайда болған қысым косымша күш беріп, оларды жақсы тығыздалуға мүмкіндік беретіндей жасалған.
...