Есептің пайда болуы және даму тарихы
Автор: bylisag • Февраль 12, 2018 • Реферат • 2,281 Слов (10 Страниц) • 1,923 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ЭжБЖМ факультеті
СӨЖ
Орындаған: Сағынов А. С.
Мамандық:Экономика
Курс:2
2017ж
- тапсырма. Есептің пайда болуы және даму тарихы
Тақырыбы: Ресейдегі есептің дамуы (Петр І реформасына дейінгі есеп революциясы ( 862-1700); Ресейдегі есептің дамуына Петр І реформасының әсері; Ресейдегі екіжақты жазудың таралуы)
Петр І реформасына дейінгі есеп революциясы (862-1700)
Ресей мемлекетінің пайда болу тарихынан (862ж) көпғасырлық аралықтарды зерттей келе ресейлік есептік ой-пікірлердің бірнеше принцптері қалыптасқан болатын:
- Мемлекет ел территориясындағы барлық мүлік иесі
- Әр мүлік объектісіне қатаң түрде жеке тұлға тобы жауапты
- Адам- есеп объектісі
- Төлемдерді қоғам жүргізкі тиіс. Бұл принцип қазіргі уақытта коллективті материялды жауаптылық деген атқа ие
- Әр жұмысшы қанша және қай жұмысты қандай уақытқа дейін жұмыс істеу керек екендігі туралы бұйрық алуы тиіс.
- Шаруашылық қызметке қатысушы тұлғалар арасындағы есептеулер айқындалған болуы тиіс
- Басшы алдындағы міндет, басқа тұлғалар алдындағы міндеттен жоғары тұруы тиіс.
- Тауар бағасы оның өндірісіне кеткен шығыныына тең. Бұл принципті экономикалық принцип деп те айтады.
- Құжатты толтыру ережелерінің сақталуы – есептің маңызды бөлігі
XVII ғ-да шаруашылық қатынасты сипаттайтын құжатта бөлімдер болды:
- мерзім;
- мәтін;
- мөлшері(ақша,тауар,материал)
Жалпы есептің дамуы осыдан соң барлық салаларда қалыптасқан болатын. Соның ішінде шіркеулік шаруашылықта есептеу жүйесі күрделіленген болатын:
- инвентаризация;
- қазынадан бөлінген құқықтарға материалды жауаптылық;
- қазынашы қойманың кілтін сақтайды, ал ревизор қоймаларды мөрмен бекітеді;
- ақшалай табыстарға арнайы кітапша ашылады; оны ревизор мен қазынашы жүргізеді:
а)табыс көзі;
б) мерзімі, әр статьядан кейін қолтаңба қалдыру;
5) астықты есептеу екі бөлек кітапшада жүргізіледі: түсім мен шығынға арналған;
6)киім мен басқа инвентарьға да осындай есеп тән;
7)бір жыл толтырылған кітапша архиепископқа жіберіледі.
Сонымен қатар, есептеу жұмыстары сауда, құрылыс, өндіріс салаларында да айтарлықтай дамыды. Сонымен қоса, мемлекеттік шаруашылық есепте де айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Мысалы ХVII ғ-да әр жыл басы(1 қыркүйектен бастап) мен аяғында тәжірибелі дьяктар жинақ кітапшаларын жүргізген болатын. Бұл негізінен әр аймаққа және салаға байланысты салық салуды есептеу мақсатында қолданылады.
Петр І кезіндегі бухгалтерлік есептің дамуы
ХVIIІ ғасырда Ресей тағына Ұлы Петр І патшаның келуімен елдің шаруашылық және әлеуметтік өмірі жандана бастады. 1710 жылдың өзінде-ақ «Ведомости о военных и иных дел» мемлекеттік газетінде «бухгалтер» сөзі ескерілген болатын. Көптеген адамдар қолданысқа шетелдік сөздің енуін құптамай, «книгодержатель»(кітапшаны иеленуші) ұғымын қалыптастырғанымен, ол көпке бармады.
Бұл уақытта есеп пен бақылауға баса назар аударылды. Ең алғаш есеп туралы мемлекеттік акт 1714 жылы 22-ші қаңтарда қабылданған болатын.
Онда келесідей міндеттер қарастырылды:
- жазбаларды өз уақытында жүргізу;
- түсім-шығыс кітапшаларын күн сайын жүргізу;
- персоналдың жауапты тұлғаға қатаң бағыныштылығы.
Орыс бухгалтерлік есеп тарихындағы ірі оқиға – 1722 жылы 5-ші сәуірде Адмиралтейство* және верфи басқару Регламентінің пайда болуы. Бұл жерде бухгалтер, дебет, кредит ұғымдары көрсетілген болатын.
Адмиралтействолық Регламент 1722 жылы материалдары есепке алудың және өзіндік құнын есептеудің қатаң жүйесін енгізген болатын. Есеп кітапшаларында шаруашылық іс-әрекеттер тіркеліп, әр беті нөмірленген және қоймашы мен бақылаушының қолы болуы қажет.
...