Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдарды оқытудың педагогикалық негiздерi

Автор:   •  Декабрь 14, 2022  •  Реферат  •  3,059 Слов (13 Страниц)  •  222 Просмотры

Страница 1 из 13

2.3 Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдарды оқытудың педагогикалық негiздерi 

Білім беру жүйесі үздіксіз даму үстінде екенi белгiлi. Оқытудың философиялық негiздерiнде атап өткеніміздей білім беру тенденциялары өзгергенi де мәлiм. Бiлiм берудiң заманауи үрдiстерi (тенденциялары) мен моделдерiндегi өзгерiстер оқыту ұстанымдарын кайта байыптау, бағамдау қажеттiгiн туғызуда. Яғни білім берудi мазмұндық, құрылымдык жағынан кемелдендiрудiң шарты уақыт үдерісiне қарай әрекет ету, оқыту ұстанымдарын тиiмдiлiкке жүгіндіру.

Педагогика тарихында бұрыннан жүйеленген, білім беру тәжiрибесiнде қалыптасып екшелген білім беру ұстанымдары бар. Я.А.Коменскидiн алғаш ұсынған оқыту ұстанымдарынан бері дидакт-педагогтардын (И.Г.Песталоцы. К.Д.Ушинский, А.П.Пинкеевич, В.В. Давыдова и Л.В. Занков, Т.А.Ильина т.б.) дамытуы, толықтыруы барысында оқытудың бiрталай ұстанымдары аталып, оқу үдерiсiнде негiзге алынып келді. Үнемі дамуға бағындылылатын уақыт үдерiсiнде оқыту ұстанымдарынын бiрнеше жiктемелерi қалыптасты. Оқу үдерісінің талаптары мен заңдылықтарына бағындырылған оқу ұстанымдарын жүйелеуде отандық педагог-әдіскерлер де тысқары қалған емес. Атап айтар болсақ Ы. Алтынсарин оқыту ұстанымдарын қазақ мектептерi мен оқушының жас ерекшелігі, білім алу деңгейіне сай қолдану қажеттігін, «білімді түсініп қолдану» қажеттiгiн айтады.

Оқыту ұстанымдары бiлiм берудiн талаптары мен мақсаттарына кiрiктiрiле жүргiзiлетiнi мәлім. Сондықтан да әр кезеңде оқу ұсанымдарының бiрi жетекші, өзгесі оқу мазмұнының жан-жақтылығын қалыптастырушы мiндетiнде жұмсалады. Оқыту ұстанымы оқу мақсатына байланысты анықталатын болғандықтан, түрлi мақсаттар өз қажеттілігін қанағаттандыратын түрлi оқу ұстанымдарын жинақтайды. Солардын iшiнде оқу мақсатымыз бен мүддемізге сәйкес, оқу мiндеттерiмiзге таяныш болатын оқу жіктемесiнiң бiрi - 3.А.Исаеваның ұсынған жүйесі. Педагог-ғалым жоғары оқу орындарының оқыту ұстанымының екi жүйесiн көрсетедi. Атап айтканда: ғылымилык, кәсiби шығармашылық-бағыттылық, шығармашылық белсендiлiк, жүйелелік, жеке және топтық жұмыстардағы белсенділік, интеграция, өзін-өзі жетілдіруге бағыттылығы [92. 86 б.].

 Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдiк iзденiстер мен ағымдарды оқытудың ғылыми ұстанымын екі бағытта қарастыруға болады. Бiрi, барлық оқыту үдерісі педагогика ғылымының бүгінгі жетістіктеріне, зерттеу әдiстерiне сүйенетініне қатысты. Кез-келген зерттеудiң нәтижесi түрлi бақылау мен ғылыми болжамдарға, теориялық негiздi айқындайтын дəлелдемелер мен қорытындыларға сүйенедi. Жоғарғы оқу орнында әдебиеттің белгiлi бiр нысанын оқыту барысында ғылымилық ұстаным негiзiнде оқу үдерiсiн тиiмдi жоспарлай аламыз. Оқыту саласында жазылып отырған еңбектiң негiзгi қағидаттары мен мақсаты да ғылым игiлiгiне қызмет ету. Екiншiден әр пәннiң ғылыми негiзi оның теориясында қаланады. Әдебиеттанудың бiр саласы болып танылатын әдебиет теориясы әдеби ағымдар мен бағаттардың өзiндiк ерекшелiгiн айқындауда бiрден бір сүйенетiн негiзгi тiрек. Әдебиеттанудың метологиялық негiздерiн, әдеби мектептер мен ағымдар, әдебиеттанудың жаңа бағыт бағдарын бiлу, əдебиет теориясы пәнi ауқымында филолог мамандарға берiлетiн теориялык бiлiм-минимумы болып есептеледі. Әдебиет тарихындағы түрлi ағымдар: романтизм, реализм, соцреализм модернизм (символизм, натурализм, футуризм, дадаизм, акменам, имаженням экзистенциализм т.б.). постмодернизм, олардың өзiндiк ерекшелiктерi, әдеби бағыт, көркемдiк iзденiс ретiнде әдебиетке әкелген жаналығы, қазақ әдебиетiнiң дамуына түрлi ағым, бағыттардың ықпалы сияқты мәселелердi зерделеу үшiн әдебиеттiң тарихы мен теориясын бiрлiкте қарастыру кажеттiгi көрiнедi. Қазақ әдебиетiндегi проза жанрының даму бағыты, ондағы көркемдiк әдiстер, түрлi ағымдардың көрiну сипатын зерделеу тек теориялық бiлiм негiзiнде жүзеге асары белгілі. Қазiргi қазақ прозасының даму үдерiсiн бағамдау, осы теориялық бiлiмдерiн көркем шығарманы талдауда, интерпретациялауда негiзгi тiрек етiп алынады және үнемi ғылыми негіздерге сүйену қажеттігі туындайды. Көркем мәтіннің поэтикалық мәселелерiн зерделей отырып, әдебиеттанудың жаңа бағыт- бағдарында мәтiндiк талдау түрлерiна алу үшiн де ғылымилық ұстанымының мәні зор. Өйткені бұл ұстаным әр оқу пәнiнiң өзi тектес ғылым мазмұнымен заңды түрдегi байланысуын көрсетеді. Пәннің ғылым жетiстiкке сүйенуiн қарастырады. Яғни бiлiмгердiң нақты ғылыми фактіге сүйенуін, оның заңы мен теориясын бiлуiн қамтамасыз етедi. Ғылымилық ұстанымы бiлiмгерге ғылыми негiздердi танытып қана қоймай, өз тарапынан шығармашылық еңбегі мен iзденiсiн ғылымға бағыттау қажеттiгiн туғызады. Ғылымилық ұстанымның нәтижелерi оқу үдерiсiндегi репрадуктивті оқудан басталып, шығармашылық жұмыспен тиянақталу арқылы көрiнедi. Мәселен, қазақ прозасының бүгiнгi жай күйi, зерттелу өрiсi, қазақ прозасындағы әдеби ағымдар мен көркемдiк iзденiстердiң сипаты қандай деген мәселелерден басталатын репрадуктивті білім, ендiгi iзденiстер алаңы қандай? қандай мәселер әлі де зерттеу аймағына еңбегенiң зерделеу, пайымдау, бағалау және шығармашылық iзденiстер жасау әрекеттерiне жол салғанда ғана ғылымилық ұстаным өз жемісін бередi.

...

Скачать:   txt (46.2 Kb)   pdf (146 Kb)   docx (209.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club