Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға ғылыми-практикалық үлес қосқан отандық ғалымдар

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Реферат  •  1,632 Слов (7 Страниц)  •  2,343 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география институты

Баяндама

Тақырыбы:ҚР арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға ғылыми-практикалық үлес қосқан отандық ғалымдар

                     

                         Орындаған:Абабакри Гауһар

                              Топ:3-курс 5\1 Химия-биология

                                                   Қабылдаған:Кикбанова Айгерим Мукаевна

Алматы 2021

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Инклюзивті білім туралы жалпы түсінік
  • Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі.
  • Инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосқан отандық ғалымдар

Қорытынды

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

ҚР арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға ғылыми-практикалық үлес қосқан отандық ғалымдар

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарында бекітілген.Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.Мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады.

 Негізгі бөлім

Инклюзивті білім туралы жалпы түсінік

     Инклюзивті білім беру дегеніміз – жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлықадамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. «Инклюзивті білім беру» ұғымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ашып көрсетілген.Бұл ұғым ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін үдеріс ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады». Ал, Саламанка Декларациясының құжаттарында:«Бұл жалпы білім беру мекемесі жағдайында білім беру қызметінің жүйесі, тұрғылықты мекен-жайы бойынша балалардың білім алуға және оқуға толық құқығы бар ұстанымы негіздемесінде жүзеге асады», – делінген.(Саламанка, Испания 1994 жыл) «Инклюзив» терминінің анықтамасына отандық ғалымдардың еңбектерінде де, шетелдік ғалымдар еңбектерінде де түрлі қырынан қарайтынын көруге болады.

Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі

      2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда. Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадамболып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқy-әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата-аналарына кеңес беру жәнe психологиялық-педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық-медициналық педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мекемелерінде қытуға дайындауды қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (102.8 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club