Шәкәрім - ұлы тұлға
Автор: di1yara21 • Май 3, 2022 • Лекция • 360 Слов (2 Страниц) • 968 Просмотры
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Шәкәрім - ұлы тұлға.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту;
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оқуға деген құштарлыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілдері: әңгіме сұхбат, түсіндірмелік, өзіндік жұмыс.
Көрнекіліктер: әннен үзінді, бейне материал, learningapps.org, ақын суреттері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Ой қозғау кезеңі: Бұл ән
бұрынғы әннен өзгерек
Бұған
ұйқасты өлең сөз керек
Өзіңе орайлы....
-Балалар, бұл кімнің әні?
-Иә, дұрыс бұл Шәкерім Құдайбердіұлының әні. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Шәкәрім - ұлы тұлға».
Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен «Шәкәрім кім?» деген сұраққа оқушылар ақын туралы білетіндерін жазады.
Білгенге маржан кезеңі. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы бейне материал көреді. (https://youtu.be/amcWURT9IRw )[pic 1]
Жасырын сурет кезеңі. Сілтемеге кіріп Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері, аудармалары, әндері мен поэмалары белгілейді. Дұрыс жауап берілген кезде сурет ашылып, өсиетті оқиды. (https://learningapps.org/watch?v=p9uwv0nvj22 )
Ұяшықты аш ойыны арқылы тәрбие сабақты бекіту.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жерде дүниеге келді?( Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген.)[pic 2]
- «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы қай жылы жарық көрді? (1911 ж. жарық көрген.)
- Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
- Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі қандай атпен беріледі («Шаһкәрім»)
- Неше жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.(20 жасында.)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылыққа қай жылы сапар шегеді. (1905 жылы)
Кері байланыс орнату. Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерін түстер арқылы көрсету.
...