Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Автор:   •  Ноябрь 16, 2023  •  Реферат  •  2,627 Слов (11 Страниц)  •  138 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғұмарбек Дәукеев атындағы «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

[pic 1]

№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пән:  Философия

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мамандық: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Орындаған: Мышан Бағжан    

тобы:Сибк-22-3

 Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.

                                              Алматы, 2023 жыл

                                                Мазмұны

 

 КІРІСПЕ.......................................................................................... 3

1.Тақырып өзектілігі

2.Жұмыстың мақсаты мен міндеті

  НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................... 4

1. Қазақтың бес арысының бірі – Шәкәрім.

2. Шәкәрім ‘‘жан” туралы.

  ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................. 13

 

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................

                                                     

                                                       Кіріспе

Шәкәрім Құдайбердіұлы, 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Оның әке-шешесі арғын тайпасының Тобықты руынан шықты. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте  қайтыс болды. Ол жеті жаста болатында, Құнанбай атасының тәрбиесіне алынды. Шәкәрім, әке қазасына нәзік, көкірегі сезімді бала болды. Бірақ ол казақ тілінде екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас бала өмір күйбеумен аулау өзгертеді ме, қалай өседі, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотайқалпынан тездей ауысса, Абай тәрбиесіне көшсе деп ойлайды.

Тақырыптың өзектілігі:

Жан тақырыбы философия саласында өзекті мәселелердің бірі болған және солай болып қала береді. "Жан, — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді”-деген. Шәкәрім қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты—туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану деп есептеген.

Жұмыстың мақсаты және міндеті:

   Жұмыстың басты мақсаты:

 Шәкәрім Құдайбердіұлының ‘Жан туралы’ кітабының, жан ұғымын зерттеудегі маңызын анықтау.

Міндеттері:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы ашып жазу
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының ‘Жан туралы’ пікірін ашып жазу

                                     Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданындағыШыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол тұста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.

«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарып-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.

...

Скачать:   txt (30.7 Kb)   pdf (339.6 Kb)   docx (132.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club