Халықтық тағылым - тәрбие құралы. Ырым-тыйым сөздер туралы
Автор: aarruzhan10 • Февраль 10, 2021 • Реферат • 4,468 Слов (18 Страниц) • 846 Просмотры
Халықтық тағылым - тәрбие құралы.
Ырым-тыйым сөздер туралы.
Аңдатпа
Біздің халықтың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтаған өзіндік тарихи тағылымы, ой- пікір қорытындылары ұшан теңіз. Олар - бүкіл ұлттық болмысымызды жан-жақты бейнелейтін, басқа ұлттардан ерекшелігімізді даралап отыратын, халқымыздың даналық тұжырымдары, әдеп әлемінің айнасы. Уақыт сүзгісінен сүрінбей өткен, сан ғасырлар бойы санамызға ұялаған жазылмаған заңдарымыз яғни ырым- тыйымдарымыз жазылған заңдардан да өміршең екенін дәлелдейді.
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу үшін , ең алдымен, өзіміздің ата- бабамыздың мирас болып келген дін мен діліміз, мәдениетіміз бен шұрайлы тілімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпаққа жеткізу - кезек күттірмес міндет. Әсіресе , біз секілді болашақ педагогтарға өзекті тақырып деп білемін.
Аннотация
Наш народ веками накопил свои исторические уроки и мнения в воспитании поколений. Это мудрость нашего народа, зеркало мира этики, которое всесторонне отражает всю нашу национальную идентичность, отличает нас от других народов. Это доказывает, что наши неписаные законы, то есть наши суеверия, прошедшие сквозь фильтр времени и веками укоренившиеся в нашем сознании, более жизнеспособны, чем написанные.
Чтобы сегодня войти в число 30 самых конкурентоспособных стран, необходимо, прежде всего, срочно передать подрастающему поколению религию и менталитет, культуру и язык, унаследованные от наших предков. Думаю, это особенно важно для таких будущих учителей, как мы.
Abstract
Our people have accumulated their own historical lessons and opinions over the centuries in the upbringing of generations. They are the wisdom of our people, the mirror of the world of ethics, which comprehensively reflects our entire national identity, distinguishes us from other nations. It proves that our unwritten laws, that is, our superstitions, which have passed through the filter of time and have been ingrained in our minds for centuries, are more viable than those that have been written.
Today, in order to join the top 30 most competitive countries, it is necessary to pass on to the younger generation, first of all, the religion and mentality, culture and language inherited from our ancestors. I think it is especially important for future teachers like us.
Асылы, ең тиімді тәжиірбе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерге тән ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар екендігі даусыз.Оны бір сөзбен «халық педагогикасы» деп атаймыз.
Халық педагогикасы дегеніміз- халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі , ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Ол сонау Түpiк қағанатынан бастау алып, Күні бүгінге дейін халық кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұралардың бірі.
Ұрпақ санасында ұлттық қасиeттepді қалыптастыру тіл мен дін, салт пен сана, ұлттық дәстүр арқылы жүзеге асады. Халқымыздың бай тәжиірбесінің дәлелі ретіндегі ырым-тыйым сөздердің ұрпақ ұлағатында қазір де мәні жойылған жоқ. Ізгілікті аңсаудан туған ырымдар, бәле-жала кесапаттан сақтандыратын тыйымдардың тәрбиелік мәні өте зор. Ырымдар мен тыйымдар халқымыздың әлeyмeттiк өмірінде тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған .Ал тыйым сөздерді заң ретінде қабылдаған. Егер осы мәсeлeгe тepeңіpeк көз салсақ, ырымдар мен тыйымдар құқықтық норма деңгейінде қолданылғанын аңғарамыз. Әлеуметтік өмірдегі түрліше қарым-қатынаста адамдардың әрекеті үстінде көрсететін мінез-құлқын анықтайтын, жалпыға міндетті ережелердің жиынтығы ретінде танылады. Міне, осындай деңгейде ырым-тыйым сөздерді халқымыз пайдаланып, баршаға бірдей, міндетті түрде орындалуын қадағалаған. Тыйым сөздер қоғамдағы заң және, әдептіліктің негізгі қағидасы болып қалыптасқан. Сондықтан қазіргі біздің ортамызда олқы соғып отырған имандылықтың, жоғалып бара жатқан адамгершіліктің негізі болып саналатын тыйым сөздер кесел мен кесапат атаулыдан, жүгенсіздік, тәртіпсіздіктен сақтандырушы қалқан, инабаттылық пен ізгіліктің қайнары.
...