Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түрлі жастағы топтарда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары

Автор:   •  Ноябрь 24, 2021  •  Доклад  •  790 Слов (4 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 4

«Түрлі жастағы топтарда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары»

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса,  мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.    

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін сапалы дамыту міндетін көздеген .

Сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.

Бүгінде жас ерекшелігі әртүрлі балалардан жиынтықталған орталығымызда  оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары қолданыс тауып, кәсіби қызметіміздің тиімділігін арттыруға ықпал етіп отыр.  

Технология – бұл педагогтың кәсіби қызметіндегі құралы. Инновациялық жаңа технологиялар – бұл баланың тұлғалық дамуын қарқынды өзгерту есебінен оң нәтижеге жетуге бағытталған оқыту әдіс-тәсілдерінің  жүйесі.

Жаңа технологиялар қатарында Монтессори, ТРИЗ, Никитин әдістемелері жаңғырып, Кюизенер таяқшалары, Эйлер шеңбері, Дьенештың логикалық блоктары, Воскобович ойындары, Танграм, Геоконт ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді және де дамыта оқытудың қазіргі талаптарын толық қанағаттандырады.

Педагогикалық технологиялар педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісіне ықпал жасайды.

Жаңа технологиялар мектеп жасына дейінгі балалардың

  • Сенсорлық  процестерін;
  • Зейін, ес, қабылдауын;
  • Логикалық ойлауын;
  • Тілін (нақты, негізделген, дәлелді сөйлеу тілін дамыту);
  • Шығармашылық қабілеттерін;
  • Моделдеу және құрастыру дағдыларын;
  • Дербестігін және еркіндігін дамытады.

Жалпы білім беру жүйсесінде 50-ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс тауып жүр. Өз өз тәжірибемізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту талаптары мен мазмұнын және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, бірқатар технологияларды іріктеп аламыз. Олай болса, осы технологияларға қысқаша сипаттама беріп өтейін.

Ойын технологиясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті ойын екендігі белгілі. Олай болса, санлауан  ойындар топтамасынан құралған ойын технологиясы өзінің құндылығын, маңыздылығын жоймайды. Сондық тан мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқыту ісін жүзеге асыруды ойынның барлық түрлері ұтымды іріктеліп, қолданылады.

Мария Монтессори технологиясы. Бұл әдісте ең бастысы – балаға өз

ойын жеткізуге және әрекет етуге толық еркіндік беріледі. Осы мүмкіндік Монтессори жүйесін басқа жүйелерден ерекшелендіреді. Бұл жерде балаға өз бетінше әрекет етуге, дербес дамуға мүмкіндік беріледі, бұл аяқ асты орын алатын әрекет болуы мүмкін, бірақ егер қандай да бір жағдайда оған ересектер тарапынан көмек қажет болса, ол осы көмекті алады

«ТРИЗ» технологиясы. «ТРИЗ»   технологиясының авторы  ғалым

Т.С. Альтшуллер. Тәрбиеші дәстүрден тыс жұмыс формаларын қолданады, онда бала ойланатын адам тұрғысынан қаралады.  

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (117.6 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club