Тілді ауызша
Автор: ASamat07 • Сентябрь 19, 2021 • Лекция • 546 Слов (3 Страниц) • 270 Просмотры
Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында топтастырамыз.Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам санасында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: графема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы сөздің дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу монополиясының күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін қалыптастырып отыр.
Кез келген сөзді естіген сауатты адамның сөздің фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес береді. Бұл-әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты бар адам санасында болатын код түрі.
Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей д жаза да білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан.Стиль түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның санасында, сонымен екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның біріншісін-ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішінде,ауыл, аула айналысы қоғамдық орындарда (көлік,дүкен,асхана т.б) меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. Ал мектепке барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің деңгейінде(сөз тірлесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды. Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы шығарады. Немесе іштегі ойын сөйлем мәтін (шығарма, әңгіме)құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба тілдің жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында, жоғарыда айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.
7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесін тоқып, санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқы көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді ( шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сыныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізу төселе бастайды( көркем әдебиет стилі).Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімінен ояту негізгі
...