Білім беруде үш тілді қолдану
Автор: inkara81 • Июнь 15, 2018 • Эссе • 732 Слов (3 Страниц) • 1,081 Просмотры
Жакупбекова Инкар Муратовна,
С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
ЭССЕ
Білім беруде үш тілді қолдану
Бүгінгі білім берудегі қоғам қойып отырған басты талаптардың бірі – көптілділік. Көптілділік – кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» - деп көрсетеді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында. Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену ұлтымыз үшін игі мұраттардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Міне қазіргі уақытта да биология, химия, физика және информатика пән мұғалімдеріне арналған ағылшын тілін оқыту курстары жүріп жатыр. Курстың маңызы өте зор.
Осы курста мен Бриджит Гудманның «Үш тіл – білім берудегі ресурс» тақырыбындағы дәрісін тыңдадым. Бриджит Гудман, Назарбаев Университеті Жоғарғы Білім беру Мектебінің көптілді білім беру саласы бойынша доценті. Бриджит Гудман өткізген видео – дәріс маған өте ерекше әсер қалдырды. Бриджит Гудман, сабақты сұрақтар қою арқылы сергіту сәтінен бастады. Топтық тапсырмалар берген кезде студенттердің тек ағылшын тілінде ғана емес, сондай-ақ орыс және қазақ тілдерінде де сөйлеуіне мүмкіндік берілді. Бұл дәрістің мақсаты – тілдерді үйрену, тіл саясатын жоспарлау және оны қолдану саласындағы зерттеулерге, сондай-ақ жеке өзі Украинада, ағылшын тілі оқыту тілі және академиялық контент ретінде пайдаланылған ортада өткізілген зерттеуге сәйкес бұған неліктен рұқсат берілетінін білу болды. Сонымен қатар, CLIL түсінігін зерттеумен және ана тілді (пән мен тілді біріктіріп оқыту) қолданумен байланысты бірнеше теорияны қарастырды.
Тілдік жоспарлаудағы бағдарды үш негізгі бөлікке бөліп, жеке тоқталып өткендігі маған ұнады. Тілдік жоспарлаудағы бағдардар (Руиз, 1984):
1-ші бағдар «Тіл проблема ретінде», 2-ші бағдар «Тіл Құқық ретінде», 3-ші бағдар «Тіл Ресурс ретінде».
Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз.
Тіл білу – байлық. Әсіресе өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.
...