Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үш тілді тарбие - заман талабы

Автор:   •  Октябрь 22, 2020  •  Эссе  •  636 Слов (3 Страниц)  •  650 Просмотры

Страница 1 из 3

                                Үш тілді тарбие - заман талабы

 

   Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл – заман талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі екендігін үндеуінде атап көрсетті.

Бұл үдерістен бізде тыс қалмауымыз керек. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де мол.

      Оқушыларымыздың, тіпті бала-бақшадағы бүлдіршіндерміздің ойлау қабілетін, ойларын жүйелеу қабілетін жетілдіру үшін тіл мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол үшін олар ең әуелі өз тілінде сөйлеп, түсіндіру - түсіну бастамаларын қабылдауы керек. Бүгінгі техникамыз дамыған 21 ғасырда тілдердің әртүрлілігін аңғара білулері шарт. Олар өмірге көзқарастарын қалыптастыру үшін, сөз мазмұнын, сөздің тілден шығатынын түсіндіріп, ойлау қабіліттерін толықтырып айтып отыру қажет.

       Бүгінде хабарлардың әртүрлі тілде таралып, бір саласы біздің қазақ тіліне аударылып отыратынын түсіндіре білу жөн. Қазіргі бүлдіршіндеріміз, қоғам, ел болашақтары әр тілді өздері түсіне білетін деңгейге жетекендері абзал. Қазақта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар. Сондықтан ұрпақтарымыз тіл байлығын байытуды естен шығармау керек.

         Бүгінгі кезеңде телеарналардағы хабарлардың көп тілде жүргізілуі, адамдардың да бірнеше тілде сөйлей біліуі үштілділік өмір талабына айналуда. Үш тілді білсең, өмір қайығын еркін жүздіре біліп, коғам талабын негізгі жүйеде түсіне біліп, оны терең мағынада қабылдай аласың. Сондықтан да бала-бақшадан бастап «үш тілді» дәуірде өмір сүріп жатқанымызды өзіміз де ұмытпай, біліп жүруіміз қажет. Ол «қазақ, орыс, ағылшын» - тілдіері екенін есте сақтағанымыз абзал. Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, «бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес, бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады» деген пікірде ойлайтын жандар да жоқ емес, бар. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Меніңше, халыққа даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Техникамыз күнбе-күн өзгеріп, жаңа өзгерістер дүниеге  келуде. Сол сияқты біздің де ағымнан қалмауымыз дұрыс. Үш тілді білім беруді, үш тілді тәрбие  беруді қолдап, жүзеге асырауға жәрдем беруіміз жөн. Одан біздің қоғам мүшелеріміз келешекте зиян көрмейді. Жас бүлдіршіндерімізге үш тілді тәлім-тәрбие мен білім бермес бұрын, алдымен  ұстаз-тәрбиешіліріміз өздері  толық меңгере білулері керек. Сонда шәкірттеріміз жап-жақсы болып, бүгінгі және келешек өмірге бейімделіп өседі. Әлемдік өркениет осыны талау етуде.

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (68 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club