Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тілдің шығуы жайлы теориялар

Автор:   •  Апрель 10, 2022  •  Реферат  •  3,467 Слов (14 Страниц)  •  244 Просмотры

Страница 1 из 14

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ







 «Тілдің шығуы жайлы теориялар» 

(жоба) 









                                                               Әзірлегендер: Сабыр Аружан

                                                                            Нәлібайқызы Жания

                                                                            Мелисова Алмара

                                                            Мамандық: 6В01701-Тіл мен мұғалімін                              
                                                                           дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)

                                                  Жетекшісі: Қалыбаева Қаламқас





Алматы, 2021


Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................4

 «Тіл білімінің маңызы» ...........................................................................................4

Негізгі бөлім: ............................................................................................................5

Тіл білімінің теориялық мәні....................................................................................5

Тілдің практикалық сипаты.......................................................................................9

Қорытынды.......................................................... ...................................................11

Тіл қоғамның айнымас бөлігі...................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................12

Жобалау жұмысының паспорты

Жобаның тақырыбы: Тілдің шығуы жайлы теориялар

Жоба авторлары:  Сабыр Аружан; Нәлібайқызы Жания; Мелисова Алмара

Жоба жетекшісі: Қалыбаева Қаламқас

Жобаның мақсаты: тілдің пайда болуын теориялық тұрғыдан зерттеу.

Жобаның міндеті:

  • тілдің пайда болу тарихына шолу.
  • тілдің маңыздылығын анықтау;
  • тіл біліміне теориялық тұрғыдан зерттеулер жүргізу;
  • теориялық ақпараттарды талдау;
  • тілдің пайда болуындағы ғалымдардың ойларын саралау;
  • тілдің практикалық мәнін анықтау;

Жобаның нәтижесі: жобада тіл білімінің дамуы теориялар арқылы зерттеледі. Сондықтан,  жоба арқылы тіл білімінің қалай пайда болғандығы жайлы мағлұматтар меңгеріледі. Тіл білімінің маңыздылығы анықталады.

Жоба кезеңдері: жоба үш кезеңнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлім теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлімінде тіл білімінің маңыздылығы мен өзектілігі анықталады. Ал, негізгі бөлімде тіл тарихына шолу жасау арқылы, түрлі ғалымдардың теорияларының тіл біліміне тигізген пайдасы мен тіл білімінің қалыптасуындағы орны анықталады. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар жиынтығы беріледі.

Жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі: интернетке шектеусіз шығатын кампьютерлік базамен қамтамасыз етілуі; қажетті әдебиеттердің қолжетімді болуы; интернет-ресурстар және электронды ғылыми кітапханаларды қолдану мүмкіндігінің  болуы; жоба қатысушылары қашықтықта болғандықтан, жобаны орындау барысында Zoom, Teams платформаларының пайдаланылуы.

     Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.

     Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті деп біз оның қатынас құралы екендігін айтамыз. Тіл мен қоғамның арасындағы өзара байланыс – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп өмір сүруі, еңбек етуі, өндірісті үйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамдық үдерістің өз деңгейінде жүргізілуіне тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруі мен дамуының алғы шарты. Екіншіден, тіл қоғам жоқ жерде өмір сүре алмайды. Себебі қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың ұжымнан тыс өмір сүруі тағы да мүмкін емес. Яғни, тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл жоқ деген ұғым осыдан қалыптасқан.

...

Скачать:   txt (41.4 Kb)   pdf (151.2 Kb)   docx (22.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club