Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тілдік қатынас

Автор:   •  Май 3, 2020  •  Статья  •  1,724 Слов (7 Страниц)  •  442 Просмотры

Страница 1 из 7

Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тілді дұрыс меңгертудің негізгі сатысы – бастауыш сыныптан басталады. Тілді оқыту – қиын әрі қызықты, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Қазіргі таңда тілді оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру, оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ол туралы М.Р. Львов «Тілді жетік меңгеру үшін тілдік орта құру керек. Бұл орта баланың тілін дамытады, оның қандай болуы, баланың тілінің бай және алуан түрлілігіне әкеліп тірейді» – деп тұжырымдайды. Демек, оқушының сөйлеу ортасы өзі қатысым жасайтын тұрағы, мекені, отбасы мен мектеп болып табылады. Оқушы тілінің даму үдерісін мақсатты, жүйелі, жүргізу, тіл байлығын молайту ортасы болып табылады.

Ф.Оразбаеваның пайымдауынша, «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді» [50, 28-б.], - деп, тілдік қатынастың жүзеге асуындағы сөйлеудің маңызын көрсетеді. «Сөйлесім» терминін енгізудегі мақсаты «сөйлеу» ұғымының әрекет ретінде қабылданатынын айтады. «Тіл сөйлеу арқылы өмір сүреді, тілдің өмірі – сөйлеуде» т.б. тәрізді тұжырымдарға назар аударғанда, аталған түйіннің біржақты ғана емес, жалпы тіл теориясына, оның әлеуметтік лингвистикадағы «тіл өміршеңдігі (витальонсть языка)» теориясымен байланысып жатқанын аңғаруға болады [51,131-141-бб.]. Ф.Оразбаева: «...сөйлесім», «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «-с» жұрнағы қосылуы арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. «Сөйлесім» – осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз» [50, 229-б.],-дейді.

Бұл тұжырымнан сөйлесімнің – әрекет екенін аңғаруға болады, сөйлесім әрекеті арқылы тілдік қатынас жүзеге асады. Тілдік қатынастың дыбыс арқылы жеткізілуі мен әріп арқылы таңбалануына қарай лингвистикада ауызша тілдік қатынас және жазбаша тілдік қатынас болып бөлінеді. Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде белгілі хабардың дыбысталуы мен естілуі арқылы жүзеге асады, сонымен қатар, ауызша тілдік қатынас – тілмен қатар пайда болып, адам қоғамымен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс. Ал жазбаша тілдік қатынас тіл бірліктерінің таңбалық қызметімен байланысты, сондықтан адамдардың бір-бірімен тікелей араласуын аса қажет ете бермейді деп есептеледі. Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын – тіл бірліктерінің таңбалық көрінісі, жазбаша тілдік қатынас ауызша тілдік қатынастан кейін пайда болатын құбылыс саналады. Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынас өзара тығыз байланыста болып біреуі екіншісіне ұласады [50,235-б.]. Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың тілсіз қатынастан ерекшелігін, оны іске асырушыларды, ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастың, сонымен қатар, тілдік қатынастың теориялық және ғылыми негізін сипаттай келе, тілдік қатынасты: «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық бірліктердің семантикалық бірлікпен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс» [50, 236-б.],- деп анықтайды. Бұл тұжырымды таратып түсіну арқылы

...

Скачать:   txt (24.7 Kb)   pdf (57.8 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club