Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары
Автор: aidanadukenbay5 • Ноябрь 25, 2021 • Практическая работа • 1,394 Слов (6 Страниц) • 486 Просмотры
«Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған тілдік білім негіздері» бойынша практикалық сабаққа әдістемелік нұсқау
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары
Мақсаты: Тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметін танытып, тілдік қатынасты жүзеге асырушылармен таныстыру.
Бақылау сұрақтары: Тілдік қатынастың анықтамасы мен ерекшеліктеріне түсінік, тілдік қатынасты жүзеге асырушылардың әрқайсысын толық сипаттаңыз: баяншы, тұлғалар, қабылдаушы; тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тілдің таңбалық сипаты
Әдістемелік нұскау: тілдің қоғамдық мәні мен қызметі, тіл мен ойлаудың ара қатысы туралы пікірлерге талдау жасау; тілдің таңбалық сипатын түсіндіру, тілдік таңбалардың түрлерін және олардың мәнін талдау.
Әдебиеттер:
- Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі. Алматы, РБК, 2000
- Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Өлке», 2013
- Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы,
Тақырып 2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшелiктерi мен олардың айтылу, жазылуындағы өзгешеліктерді анықтау.
Бақылау сұрақтары: қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар, дауысты дыбыстың түрлері, олардың акустика-артикуляциялық өзгешеліктерi, дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер; қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстың түрлері, олардың акустика-артикуляциялық өзгешеліктерi, дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Әдістемелік нұскау: Тілші ғалымдардың дауысты дыбыс санына байланысты қатысты пікірлеріне талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшелiктерiн түсіндіріп, әр дыбыстың артикуляциялық орнын анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді түсіндіру.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Алматы, «Дәуір-Кітап», 2013 -200 б.
2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі . Алматы, 1999.-200 б.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Өлке», 2013
Тақырып 3. Ассимиляция
Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың үндесуі туралы берілген мәліметтерді бекіту; ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал кездесетін орындарды меңгерту; сауатты жазуға дағдыландыру.
Бақылау сұрақтары: ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары, кейінді ықпалдың және тоғыспалы ықпалдың кездесетін орындары; дыбыс үндестігінің орфоэпияға қатысы, орфоэпия, орфография.
Әдістемелік нұскау: көркем мәтінге талдау жасау арқылы дыбыс үндестігі кездесетін орындарды анықтау, дыбыс үндестігінің орфоэпияға қатысы неде екенін түсіндіру, қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері туралы конспект жасау; орфографияның негізгі принциптері туралы түсінік беру.
Әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Алматы, «Дәуір-Кітап», 2013 -200 б.
2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі . Алматы, 1999.-200 б.
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Өлке», 2013
Тақырып 4. Сөз мағынасы және оның түрлері
Мақсаты: сөз мағынасы туралы түсініктерін бекіту, сөздің қай мағынада жұмсалып тұрғанын айыра білуге жаттықтыру.
Бақылау сұрақтары: сөзге тән белгілер, сөз бен ұғымның және мағынаның арақатысы, сөз мағынасының топтастырылуы, сөздің типтері мен варианттары.
Әдістемелік нұскау: сөз бен ұғымның және мағынаның арақатысын түсіндіру, сөздің тура және ауыспалы мағынасына көркем әдебиеттен бірнеше мысал жазу, содан соң олардың мәтіндегі мағынасын түсіндіру; бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулықтарындағы сөз мағынасына қатысты жаттығуларды жазбаша талдау.
Әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 2005.-235 б.
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Өлке», 2013.-496 б.
Тақырып 5. Омоним. Антоним. Синоним
...