Пациентпен тиімді қарым қатынас орнатудың ережелері
Автор: shamsat_otyzbaev • Декабрь 9, 2018 • Эссе • 2,128 Слов (9 Страниц) • 3,087 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» АҚ
«Пациентке бағдарлап оқыту» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Пациентпен тиімді қарым қатынас орнатудың ережелері
Дайындаған: Отызбаев Шамсат Өтениязова Индира 130 ОМ
Тексерген: Шакей Жанаргүл Шәкейқызы
Астана, 2018
Жоспары:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.2.Науқасқа кеңес беру.
2.3. Күрделі науқасты қабылдау ерекшеліктері.
2.4.Пациентпен сенімді, тиімді қарым-қатынас жасаудың негізгі ережелері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
"Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ"
Ибн Сина
Шынымен де, Ибн Сина айтқандай дәрігердің қолынан бұрын, сөзі өткір болуы тиіс, себебі саналы адам бұл табиғаттың ерекше бір жаратылысы. Пациент-бұл Дәрігердің зерттеу объектісі болғандықтан, алдымен онымен жақсы қарым-қатынас құрудың маңызы орасан зор болмақ.
"Жасырғанның жарасы асқынады" демекші, біз алдымыздағы адамды не мазалап тұрғанын, қандай күйде екенін біліп емдеу сатыларына кірісе аламыз.
Мәселен, адамдардың темпераменті сан алуан болғандықтан біз болашақ дәрігер мамандығының иелері әрбір науқаспен дара тіл табысуымыз қажет, дәл айтқанда дәрігерлік кеңес берудің әдіс тәсілдерін білуіміз керек.
Аталмыш жұмысымыздың мақсаты дәрігердің әр түрлі темперамент иелерімен тиімді қарым қатынас орнату ережесімен таныстыру.
Негізгі бөлім
2.1.Науқасқа кеңес беру.
Дәрігердің пациентке кеңес беруге қатысуы сөзсіз дәрі қабылдаудың дұрыстығына оң әсер етеді. Бұл үшін ауру мен Дәрігер арасында игі қатынас орнауы қажет, яғни Дәрігер әңгімелесудің жақсы дағдыларын игеруі қажет.
Дәрігер пациенттің емдеуге байланысты сұрақтарына жауап берген кезде максимальді тиімді нәтижеге жетуге өзара сенуді және тырысуды сипаттайтын, серіктестік өзара қатынас пайда болады. Ондай қатынастың орнауы динамикалық прцесс болып табылады.
Алғашқы күні әңгімелесудің оң әсері қатысы жоқ себепке байланысты бірнеше күннен кейін теріс әсерге ауысуы мүмкін.
Дәрігер пациенттің дауысы, бет жүзі бойынша жағдайының белгілерін анықтай алуы қажет.
Пациент – Дәрігердің қарым-қатынасының тиімлілігі – егер соңғысы түсінікті ақпарат көзі бола алатын болса, әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейіне, әдеттері мен қызығушылықтарына байланысты кедергіні жою қажет. Бұдан басқа пациент Дәрігермен талқылаған ақпараттың құпия болып қалуына сенімді болуы керек. Дәрігерге бірінші кезекте пациенттің хабардарлық деңгейін анықтауына тура келеді. Әңгімелесу барысында түсінуге оңай сөздерді пайдалану және күрделі медициналық терминдерді айтпауға тырысуы қажет.Тиімді әңгімелесу ақпарат алушы оған хабарлап тұрған нәрсені естіп түсінген кезде өтеді. Бұған, пациент ақпаратты қайталаған кезде «белсенді тыңдау» әдісімен қол жеткізуге болады.
Әдетте сұрақтың екі түрі пайдаланылады.
Маған ауру белгілері жайлы көбірек айта аласыз ба? Түріндегі ашық сұрақтардан, «иә» немесе «жоқ» жауаптары алынатын сұрақтар қоюмен салыстырғанда, ақпарат көбірек алынды. Пациенттің препаратты қолдану бойынша нұсқауды меңгергеніне көз жеткізу үшін Дәрігер «Бұл дәріні қалай қолданылатындығын айтып
...