Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сындарлы оқыту

Автор:   •  Апрель 9, 2023  •  Эссе  •  488 Слов (2 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 2

    Сындарлы оқыту

      Сындарлы оқыту теориясы 2009 жылдан бастап кеңінен тарала бастады. Жалпы сындарлы оқыту теориясы дегенді мен оқушылардың бұрын білген білімдерін, алдағы уақытта білетін білімдерімен байланыстыру. Яғни білім алушының ойлау деңгейін дамыта отырып оқыту, терең түсіне білуге үйрету, алған білімдерін тек емтихан кездерінде, 1 оқу жылында ғана емес алдағы өмірінде де пайдалану алатынын ұқтыру. Дәстүрлі оқытуды «сындарлы оқыту» теориясымен алмастырсақ, оқушы немесе студент өзі жаңа білімдер ізденетін болады, өзінің қабілетін ашады, алған білімін тек сабақ уақытында ғана емес, қарапайым өмірде де қолдана алады. Сындарлы оқыту бағдарламасының мәнін түсіну үшін студентке арналған нұсқаулықпен танысу қажет. Сындарлы оқыту барысында тек білім алушы ғана емес мұғалімнің қабілеті де, шеберлігі де дамиды. Ол білім алушыны жаңа қырларынан танып, қалай оқыту керектігін бақылайды, педагогикалық тәжірибелер жасайды. Атап айтсақ білім алушыларға сабақты қандай әдіс-тәсілдермен өткен тиімді, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, білім деңгейін көтеру үшін үнемі ізденіс болады. Екі жақтан әрекет болған жағдайда ғана сапалы білім болады.

      Жоғарыда айтып өткенімдей, студенттің сындарлылықты түсіну үшін «студентке арналған нұсқаулықпен» танысуы қажет. Бұл нұсқаулықта осы пән сабақтары бір-бірімен байланысты 7 модульге бөліп көрсетілген. Осы модульдер арасынан қазір қарастыратындарым:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету (креативті ойлау)

     Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Бұл модуль барысында «Диалог негізінде оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз.

     Диалог негізінде оқыту. Диалог дегеніміз- екі немесе бірнеше адам арасында кезектесе айтылатын ауызекі сөйлеу түрі. Диалог негізінде оқыту өте тиімді. Диалог мұғаліммен-оқушы, оқушымен-оқушы арасында жүруі мүмкін.  Диалог жүргізу барысында басты нәрсе ол тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақ қою. Осы проблемалық сұрақ арқылы білім алушы жан жақты ойлай бастайды, сол сұрақтың шешімін табу үшін өзінше немесе топпен ізденеді, өзін еркін ұстай алады, өз ойын еркін жеткізеді, өзгенің ойын сыйлауды үйренеді, әртүрлі проблемалардан шығу жолын қарастырады. Диалогты тек сабақты түсіндіру барысында ғана емес сабақты қорытындылау барысында сабақты талдауда да қолдана аламыз. Мысалы, сабақ түсінікті болда ма? Қандай сұрақтарың бар? Сабақтың қай жері түсініксіз немесе қызық болды? Деген сияқты сұрақтарды қою арқылы білім алушы пікірімен танысып, сабақты сол бағыт бойынша өтіп, білім алушылардың белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын арттыра аламыз.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (58.7 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club