Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сенсорлық дамыту

Автор:   •  Июнь 8, 2018  •  Реферат  •  467 Слов (2 Страниц)  •  1,316 Просмотры

Страница 1 из 2

Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы ол балалардың сыртқы заттардың пішініне, түсіне, мөлшеріне, кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық дамуының маңызын ерте жастағы және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын болып келеді. Дәл осы жаста балалардың сещім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан балалардың ақыл-есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, балалардың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет[37].

Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдауымен таным пайда болады. Таным процестерінің басқа да түрлері- есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып, жетіледі. Сондықтан да ақыл-естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес.

Бала балабақшада сурет салуға, конструктормен жұмыс істеуге үйренеді, табиғаттың тылсым құбылыстарымен танысып ғана қоймайды, басқа да сабақтармен танысады. Осы білімдерді игеру көп уақытты қажет етеді. Суретті дәл сәйкестікпен салу үшін бала (суреттің) түп нұсқасының ерекшеліктерін (пішінін, түсін) тура ажырата білуі керек. Бала түпнұсқа мен суреттің қатынасын түсінеді. Баланың ақыл-есінің дамуында сөйлеу мәнерінің дифференциясы, әріптердің жазылуын қабылдауы белгілі бір сипатқа ие болады. Баланың ақыл-есінің дамуына басқа да мысалдарды келтіруге болады.

Балалардың қарқынды дамуының дәрежесінің төмендеуі бұларға ғана байланысты емес. Сенсорық қабілеттер- музыканттардың, суретшілердің, архитекторлардың, жазушылардың жетістіктерінде маңызды орын алады. Сенсорлық қабілет сенсорлық дамуға байланысты балалардың ерте жасында білінеді. Болашақта балалардың мамандықты таңдауда сенсорлық дамуы маңызды орын алады, оның негізі балабақшаларда мен бастауыш сыныптарда әсерлі тәрбиелеуге байланысты қаланады. Сенсорлық

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (38.5 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club