"Сауат ашуды" сапалы меңгертудің жолдары
Автор: ptr_15 • Май 14, 2019 • Доклад • 1,497 Слов (6 Страниц) • 665 Просмотры
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ, КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ!
Тіл адам өмірінің барлық қыр-сырымен астасып жатады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналатын қазақ тілінде де халқымыздың өмір сүрген алғашқы кезеңінен бастап, ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибесі мен білім, танымы мен түсінігі, арманы мен мақсаты, көзқарасы мен наным-сенімі, мәдениеті жинақталған.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында атап өткендей, «біз 2050 мақсатына қарай жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» [1].
Осыған орай, жалпы орта білім беретін мектептердің алдындағы басты міндет - бұл қазақ мектептеріндегі ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде шебер сөйлеп, өз ойын баяндау дағдыларын жаңа дәрежеге көтеру болып табылады. Өйткені ұлттық бітім-болмыс, әдет-ғұрып, халықтың рухани қазынасы мен салт-дәстүрі – бәрі-бәрі тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, сақталып отырады. Ана тілін толық меңгермеген бала басқа ғылым салаларын оқуда үлкен кедергіге кездеседі, өз сөзімен ойын толық жеткізе алмайды. Сондықтан «Ана тілдің басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?» -деп, ұлы педагог К.Д.Ушинский дәл көрсеткен.
Адамның сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің де мемлекеттік дәрежесі төмен болады. Ал алғашқы сауаттылық бастауыш сыныптағы сауат ашуды қамтитын «Әліппені» оқытудан бастау алатынын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі мен құндылығының жылдан-жылға арта түсетіндігі анық. Сол себепті де бұл бағыттағы ізденіс бізге зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындауға және тақырыпты «Сауат ашуды оқытудың ерекшеліктері мен кешенді жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты – «Сауат ашуды» сапалы меңгертудің теориялық негізін айқындап, практикалық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу міндеттері бойынша:
1.«Әліппені» оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, оны сапалы меңгертудің кешенді жолдарының теориялық негізін зерттедік. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес.
Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі объектісі – сөз. Сөзбен жүрізілетін жұмыс түрлері мыналар: сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу.
Сауат ашу жұмысының сапалығының мұғалімнің кәсіби әдістемелік бағытта шығармашылықпен іздену жұмысына байланыстылығын аштық. Жаңартылған білім мазмұнына дейін сауат ашу жұмысын жүзеге асыратын «Әліппе» оқулығы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына, бастауыш білім тұжырымдамасына, оқу бағдарламасына сәйкес жасалды.
«Әліппе» оқу жылының 1-ші жарты жылдығында оқытылады. Негізгі мақсат –баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету, тілін, ой-өрісін жетілдіру.
Жаңа «Әліппе» психология, педагогика, лингвистика ғылымдарының жетістіктерін дамыту, оқыту, интеграциялап оқыту, көпдеңгейлік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып жазылған. Оқулық мазмұны коммуникативтік (қарым-қатынастық) әрекетке, танымдылыққа, ана тіліне қызығушылыққа құрылған.
Әліппеде сауат ашу дәстүрлі үш кезеңге бөлініп, жүзеге асырылды:
...