Сапалы жолдар
Автор: Жансая Муратхан • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 727 Слов (3 Страниц) • 218 Просмотры
Сапалы жолдар ел үшін неліктен аса маңызды. Ел тұрғындарының жайлылығынан бөлек, сапалы жолдар мен жол айрықтары да экономиканың маңызды факторы болып табылады. Көлік саласының дамуы ел өңірлері арасындағы экономикалық және шаруашылық байланысты неғұрлым берік ете түседі. Туризм, өндіріс және сауда сияқты салалар клиенттердің кең ауқымын тартуға мүмкіндік алады. Осы тұста Қазақстанды да атап өтуге болады. Біздің елімізде жаңа жолдар мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық бағдарламалар аясында салынуда. Осындай жобалардың бірі үлкен Алматы айналма жолының құрылысы.
БАКАД жобасына 2018 жылы мамыр айында 4 компанияның, яғни 2 түрік, 1 корей және төртінші компанияның консорциумымен 20 жылға концессия шартына қол қойған болатын. Концессия шартына байланысты арнайы жобалау компаниясы құрылды. Еуразия даму банкі басты несиегер ретінде $135млн бөлді. Инвестицияның жалпы сомасы $585млн құрайды.
Үлкен Алматы айналма жолы мемлекеттік әрі жекеменшік әріптестік форматында құрылымдалған және ол құрылыс ауқымы, қаржыландыру көлемі бойынша сондай - ақ осы қаржы ұйымдарының синдикаты кіретін осы мәмілеге қатысушылардың өкілі бойынша өкіл болып табылады.
Біріншіден, Үлкен Алматы айналма жолы – мұнай мен шикізатты өңдеумен, сатумен байланысы жоқ ірі инфрақұрылым.
Екіншіден, Халықаралық кеңесшілерді тарта отырып құрылған алғашқы мемлекеттік жеке жоба.
Қазақстан үкіметінің қолдауы мен ниеті арқасында ТМД және Орта Азиядағы күрделі және ерен еңбекті қажет ететін осы жоба іске асырылды.
Жоба Алматының айналасындағы айналма жолдың құрылысын қарастырады. Үлкен Алматы айналма жолы «Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы – Қорғас», «Алматы – Қарағанды – Нұр – Сұлтан – Петропавл» халықаралық дәліздерінің қиылысында орналасады. Ол Алматы қаласының орталығынан 20-25км жерде орналасып, Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді. Жалпы жол ұзындығы 66км. Оның 13км-де 4 жолақты, 53км-де 6 жолақты қозғалыс болады. Жолдағы жылдамдық 150км/сағ болады. Жалпы бұл жерде 8 бағыт бойынша айналма жол бір-бірімен байланысады, ол өзара 38 көпірді жалғайды. Жол құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік торабы мен эстакадалық көпірлер, яғни жалпы саны 19 көпір, 21 көлік айырымын салу жоспарлануда. Маршрут Батыс Қытай - Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буынына айналады. 2019ж салынып басталған бұл жоба 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
...