Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сапалы білім-саналы ұрпақ кепілі

Автор:   •  Январь 16, 2024  •  Реферат  •  4,880 Слов (20 Страниц)  •  118 Просмотры

Страница 1 из 20

.Сапалы білім-саналы ұрпақ кепілі.

Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ, жарқын болашақ болады. Әрине,сапалы білім-саналы ұрпақ кепілі.Ал, сапалы білім кепілі тәрбиелікте жатыр. Қанымызға сіңген, жанымызға  ұғымды, ой-санамызға шуақ себетін атадан қалған қасиетті өсиеттері шексіз. Себебі, даналықтың бәрі өмірден алынған. Білімді әрі адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру – әр тәрбиешінің басты мақсаттарының бірі. Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі. Қазақ халқы баланы жас кезінен көпшіл,  ынтымақшыл, өнегелі адам болуын көздеген баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Біздің қазақ халқы  дәрежесімен емес, дәстүрімен мақтанған. Мәртебесін – төрі деп білген, ізгілікті келінен таныған, татулықты абысынынан таныған, қызын-арға, ұлын- нарға балаған, дархандығы  даласымен өлшенген, өткірлігін қылышқа, намысын найзаға теңеген. Жоғарыда айтылған сөздердің төркіні тәрбиелікке келіп тіреледі. Себебі тәрбиеліксіз білімде ілімде жарыққа шықпас еді. Тәрбиеліктің қайнар көзі кімде деген сұраққа мен ойланбастан «Ұстаз» деймін. Ұстаздық – әрбір жанның таным көкжиегін қалыптастыратын, болашағына жол сілтер шамшырақ болатын ұлы күш. Ұлағатты ұстаз алдынан орақ тілді ақын да, ғылым қуған ғалым да, мал бағып терін төккен шопан да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, тіпті көк күмбезін бағындырған ғарышкер де өтіп, аталмыш ұлы күшке бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді. Оның ұлылығы да осында. Жалпы білім шексіз дүние. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұстаздардың қолында. Бұл орайда мемлекетіміз мұғалімдердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіп, білім саясатына басымдық беріп келеді. Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.Тәуелсіз еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындап отырған ұлағатты ұстаздарымызды құрметтеу – адамзаттық ұлы борышымыз.

...

Скачать:   txt (69.9 Kb)   pdf (191 Kb)   docx (346.4 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club