Сапалы білім беруді ТДМ қолдай отырып жүзеге асыру
Автор: Nursayat • Октябрь 25, 2023 • Доклад • 725 Слов (3 Страниц) • 216 Просмотры
Сапалы білім беруді ТДМ қолдай отырып жүзеге асыру.
ТДМ немесе тұрақты даму мақсаттары-бұл әр адамның өмірін жақсартуға және ғаламшарды қорғауға бағытталған халықаралық қауымдастық қабылдаған ғаламдық мақсаттар. Бұл мақсаттарды 2015 жылы БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер тұрақты даму саласындағы күн тәртібі аясында қабылдады. Бұл әрбір ел даму тарихындағы жаңашылдық болды.
Барлық мақсаттар саны-17. Олардың әрқайсысы бірдей маңызды және басқа мақсаттармен өзара байланысты. Сондықтан мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар басқа мақсаттармен қатар іске асырылуы тиіс. Мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық өсу, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардағы бірқатар міндеттерді шешпей, кедейлік мәселесін шешу мүмкін емес. Яғни әрбір мақсат бір-бірімен тығыз байланыста десекте болады.
Жалпы, барлық 17 мақсатты шартты түрде бес негізгі топқа біріктіруге болады, олар: адамдар, ғаламшар, өркендеу, бейбітшілік және серіктестік. Осы 5 негізгі топ арқылы мақсаттар жүзеге асырылады.
Осы мақсаттардың әрқайсысына қол жеткізу үшін міндеттер қарастырылған. ТДМ-ды іске асыру және оған қол жеткізу процесі БҰҰ өкілдері тарапынан да, сондай-ақ әрбір мемлекеттің үкіметі тарапынан да тұрақты бақылау жүргізілуде. ТДМ-ға тиімді қол жеткізу үшін БҰҰ-ға мүше әрбір мемлекет үшін осы индикаторларды ұлттандыру мүмкіндігімен жаһандық индикаторлар жүйесі әзірленді. Бүгінгі күні ТДМ қол жеткізу бойынша Қазақстанның мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның ішінде 205 жаһандық және 75 ұлттық индикатор. Әрбір ел осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында жұмыстар жасауы қажет.
Шын мәнінде, тұрақты даму мақсаттары әр адамға қатысты, өйткені ол адам өмірінің барлық салаларын қамтиды, біз тұтынатын тағамнан бастап, демалыс күндері отбасыңызбен бірге баратын саябақпен жалғастыра отырып. Сондықтан бұл байланысты түсіну маңызды. Сондықтан әрбір мақсатқа жетудегі волонтерлердің рөлі ерекше мәнге ие болады. Мысалы, сіз волонтерсіз және жұмыстан бос уақытта ақысыз негізде қолдау орталығында ағылшын тілін оқытасыз, онда сіз "сапалы білім беру" мақсатына қол жеткізу процесінің бір бөлігісіз, сонымен қатар кедейлікпен күреске үлес қосасыз. Сіз сенбілікке немесе жануарларды қорғау акциясына қатыса аласыз, содан кейін сіз әлемге «жауапты тұтыну және өндіріс», «климаттың өзгеруіне қарсы күрес», «құрлықтың экожүйелерін сақтау» сияқты бірнеше мақсаттарға жетуге көмектесесіз. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды әрбір адам бірінші өзінен бастағаны дұрыс, себебі әрбір адам мемлекеттің даму жолында өте маңызды актив болып табылады. Әрбір адам осы жолда атсалысып еңбек етсе ғана еліміздің барлық мақсаттарды дамытуға мүмкіндігі болады.
...