Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогика, әлеуеметтік педагогика тарихын дәуір бойынша салыстыру

Автор:   •  Октябрь 8, 2024  •  Контрольная работа  •  547 Слов (3 Страниц)  •  11 Просмотры

Страница 1 из 3

                  Педагогика, әлеуеметтік педагогика тарихын дәуір бойынша салыстыру

Дәуір

Педагогикалық өнердің өзіне тән ерекшеліктері (дәуірге байланысты жалпы бағыты мен бастау алуының сипаттамасы)

Идея өкілдері (философ, педагог, ғалым, қоғам қайраткері)

Әлеуметтік педагогикалық идея

сипаттамасы (теориялық анықтамасы мен тұжырымдамасы)

 Қазақстанда педагогика тарихының дамуы

Қазақ халқының тәлімдік ой-пікір тарихының қалыптасу ерекшеліктерінің бірі өзінің ұзақ тарихи даму жолында ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген әр түрлі этникалық түркі тайпалары мәдениетінің бірігуі нәтижесінде кейіннен қазақ халқы ұйымдасты. Ежелгі Қазақстан аумағында сақтар, үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар және т.б. өмір сүрді. Олардың өзіндік мәдениеті, егіншілік, сауда дамыды, соған сәкес Қазақстан жерінде тарихи қалалар қалыптасып, гүлденіп дамыды. Бұл қалалардың әдеби ошақ болғанын атап айтқан жөн. Медреселер ашылды, мешіттер, кітапханалар жұмыс істеді, мәдениет өрледі, қоғамдық ой қайраткерлері дүниеге келді. Солардың алғашқылары болып аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары-Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.  

Қазақ жерінде алғашқы мектептер 18-19 ғасарлар аралығында ашылған. Патша үкіметі тарапынан қазақ жерлерінде түрлі мептептер ашылып өз жұмысын жасаған. Соның бірі Орынбор кадет корпусында Мақаш Бекмұхамедовпен бірге Махамбет-Салық Бабажанов, Бөкейханов Арыстангерей, Сұлтанмахмұт Жантөрин, Мырзағали Саңғырықов, Жүсіп Ниязов, Зұлқарнай Нұрлыханов сияқты қазақ халқының белгілі перзенттері оқыды. 1841 жылы Жәңгір ханнаң ұйымдастаруымен екі сыныпты орыс-қазақ мектебі ашылды, оны халық арасында «Жәңгір мектебі» деп атап кеткен. Бұл мектептен Ресей тұсында танымал болған тұңғыш қазақ генералдары білім алған. Бұл заманда өзінің тәнім-тәрбиелік идеяларымен танымал Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген. Өзінің идеяларын жырлпры арқылы халыққа жеткізіп, болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған.

Қорқыт Ата (VIIIғ.)

Әл-Фараби (Xiғ.)              

Ахмет Жүгінеки (XIIғ.)        

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)      

                     

Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді.Ұрпақтар сабақтастығы туралы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәні туралы өзінің «Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгіме баяны» атты еңбегінде жазып суреттеген.

Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістерін мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т.б. тәлімгерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде Әл-Фараби ұстаздың өнегелік, тәлімгерлік қасиеттеріне мән берді.Ғұламаның айтуынша, белгілі тәлімгер ұстаз өзінің жеке басына он екі тума табиғи қасиетті бойына сіңірген дана адам болу керек деген болатын.

Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйың» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берген. Мәселен, «Білімсіз надан-құны жоқ бақыр» , «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді» , «Білімді әйел-ер, надан еркек-әйел» , «Сүйекке-май, адамға-білім керек» , «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді» , «Надан-тірі дегені болмаса, аты өлік» , «Дәрежең үлкейген сайын ұстамдырақ бол».

Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві-жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның шығармаларында айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелермен үндесіп жатыр. Ескі идеология, тарихнама, әдіснама бойынша тарихтағы жеке тұлғалардың рөлі дұрыс бағаланбады, бұрмаланып бір жақты түсіндірілді. Әсіресе, ғұламалардың алатын орнын, еңбектерін бағалауда ескі идеологияға негізделген көзқарасқа, әдіснамаға сүйенілді.Махамбет, Исатай,Жәңгір ханның тарихтахы орны, еңбектері біржақты бұрмаланып бағаланады.

(IX-XIXғғ.)

Қазақстанда  Кеңес өкіметі  кезіндегі және Егемендік  алған соң педагогика тариханың дамуы

(XX-XXI ғғ.)

    Пайдаланылған әдебиеттер: Сейталиев Қ. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008. – 416 бет.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (87.4 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club