Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері
Автор: tlebaldinova • Октябрь 4, 2021 • Лекция • 2,052 Слов (9 Страниц) • 398 Просмотры
ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері
1 - тақырып. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
1. Педагогика ғылымының даму кезеңдері.
2. Педагогиканың объектісі.
3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогиканың құрылысы.
4. Педагогиканың қазіргі кездегі проблемалары.
1. Педагогика сөзі гректің «Paidos»- бала , «ago» жетелеу деген сөзінен шыққан. Сөзбе-сөз аударғанда бұл ежелгі Грециядағы ауқатты адамдардың балаларын жетелеп жүрген құлды айтқан. Біртіндеп педагогика сөзі кең мағынада «баланы өмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген мағынаны білдіріді.
Педагогика - адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ғылымының негізігі функциясы: тәрбие, оқыту, білім беру туралы заңдылықтарды, принциптері, формалары мен әдістерін анықтау, солардың негізінде, мақсатқа жетудің негіздерін анықтау.
Педагогика жеке ғылым саласы ретінде философиялық ғылымдар жүйесінен ХVІІ ғ. бөлініп шыға бастады. Ағылшын философы, жаратылыстанушысы Френсис Бэкон (1561- 1626) 1623 ж. «Ғылымның қадір қасиеті және жетілуі» атты трактатында ғылымдарды сарапқа сала отырып, педагогиканы жеке бір ғылым саласы ретінде қарастырды. Педагогиканың жеке бір ғылым екенін делелдеп, оның теориялық негізін жасаушы чех ғалымы - Ян Амос Коменский (1592- 1670).
Бірақ та адамзат баласы пайда болғаннан бастап педагогика әлеуметтік тәжірибе ретінде жинақтала бастады. Ежелгі мемлекеттер - Египет, Қытай, Үндістан, Греция, Рим елдерінде тәрбие теориясы жинақталып, теориялық бастаулары анықтала бастады.
Еуропалық тәрбиенің тал бесігі - ежелгі Греция. Ондағы белгілі философтар педагогикалық мәселелер туралы өз пікірлерін қалдырды. Ежелгі ойшылдардың бірі - Демокрит (б.з.б. 460- 370) өз зерттеулерінде тәрбие туралы қарастырады. Педагогиканың теориялық негіздерін қалаушылар: Сократ, Платон, Аристотельдердің еңбектерінде жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі идеялары зерттелді. Сонымен бірге, Марк Квинтилиан, Цицерон еңбектерінде тәрбие мәселелері қарастырылды.
Орта ғасырда шіркеу қоғамның рухани өмірін бақылауда ұстап, көбіне діни тәрбиеге көңіл бөлінді. Соған қарамастан, Тертуллиан, Августин, Аквинат сияқты ғалымдар педагогикалық трактаттар жазып қалдырды.
Қайта өрлеу дәуініде бірқатар ойшылдар: Эразм Роттрдамский, Витторино де Фельтрэ, Мишель Монтень адам мәселесіне көңіл аударды.
Педагогика ХVІІ ғасырда жеке ғылым саласы петінде философиядан бөлініп шықты. Оның негізін қалаушы чех ғалымы - Ян Амос Коменский (1592-1670жж). Я.А.Коменсийдің «Ұлы Дидактика» еңбегінде балларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады.
ХVІІІ ғасырдың ірі педагогтары: Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоган Генрих Пестолоций, Иоган Гербарт, Адольф Дистерверг.
Дж.Локк «Тәрбие жөніндегі ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психолгиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән береді. Жан-Жак Руссо баланы табиғаттан дарынды, тәрбие баладағы қасиеттерді еркін дамытуға кедергі болмауы тиіс деп жазады. И.Г.Пестолоций педагогикада алғашқылардың бірі болып, тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын «Лингард пен Гертруда» атты еңбегінде жазды. Ол адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал И.Гербарт оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін алғаш рет жобалап берді. А.Дистерверг педагогикалық теорияның прогрессивті-демократиялық бағытын дамытты.
ХVІІІ ғасырда мұғалімдер даярлайтын оқу орнының ашылуы педагогикалық теориялардың жедел дамуына жағдай жасады. Аса құнды тәрбиелік теориялар орыс ойшылдары: Б.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добралюбов, Л.Н.Толстой, Н.И.Пирогов және орыс педагогикасының атасы - К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылды.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында АҚШ педагогикасының негізгі проблемалары белсенді зерттелді. Адамды тәрбиелудің жалпы заңдылықтары, білім берудің тиімді технологиялары қарастырылды. Американың белгілі педаготары: Джон Дьюй (1859- 1950 жж.), Эдвард Торндайк.
...