Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс-әрекет

Автор:   •  Сентябрь 9, 2021  •  Реферат  •  3,146 Слов (13 Страниц)  •  1,423 Просмотры

Страница 1 из 13

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс-әрекет

Жоспар:

  1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
  2. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет
  3. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары
  4. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы.
  5. Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік бейімділік, жергілікті үлгіленген, жүйелі-үлгіленген, қызмет пен мінез-құлық.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, кәсіби педагогикалық қызмет, кәсіби шеберлік, кәсіби қызмет құрылымы.

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.

Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-

жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.

Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі.

Мұғалім - мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айырықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.

Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

  • жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
  • балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
  • шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
  • жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
  • үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
  • психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық

үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.

...

Скачать:   txt (47.8 Kb)   pdf (302.4 Kb)   docx (114.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club