Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық
Автор: Shalkar Mamyrbekov • Апрель 22, 2019 • Реферат • 3,447 Слов (14 Страниц) • 1,658 Просмотры
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп:
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдаламасы бойынша жеті модульдерді ықпалдастыра отырып, информатика пәнінен 7 а сыныбына «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тарауының тізбектелген 4 сабағына орта мерзімді жоспар құрдым. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша қолданылған әдіс тәсілдерім оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модульдерінің идеяларын кіріктіре отырып жоспарладым. Мұндағы мақсатым: осы уақытқа дейін анықталған белгілі кедергілерді жою, оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ету. Жоспарымды іске асыру үшін сабақтарды жоспарлағанда мынандай талаптар қойдым:
- Оқyшылaрды ынтымaқтaстық жұмыcқa үйретy;
- Оқyшылaрдың қызығyшылығын aрттырy;
- Сабақты өмірмен байланыстыру;
- Оқушылaрды cыни ойлануға, ойын айта бiлуге дaғдыландыру;
- Өздiгiнeн бiлiм aлуынa ықпaл eту;
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. (МАН 26 бет) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып компютермен жұмыс, «Ой қозғау», постер, «ДЖИГСО», «Идеялар кілемі», «Стоп-кадр», «Камера», «Кір жайғыш жіп», тағы басқа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып тапсырмалар беру, әлеуметтік қарым – қатынас, терең ойлануға, сыни тыңдай алуға, жеке, жұптық жұмыс жасауды, топпен жұмыс жасауды, өз пікірлерін анық, нақты жеткізе білуге, бір – біріне көмектесуге, қалыптастырушы бағалауды жүргізу арқылы өзін-өзі бағалай білуге, өз жұмысын сыныптастарының жұмысымен салыстырып өзін – өзі реттеуге ықпал ету. Мұндағы екінші мақсатым оқушылардың осы әдіс – тәсілдермен стратегияларды оқушылар алдағы сабақтарда өздеріне ыңғайлы және тиімді жақтарын өз еркімен пайдалануға үйрету. Әр сабақты жүргізу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып компютермен жұмыс барысында тапсырмаларды қызығушылығы қанағаттандыратын бағытында беру. Жас ерекшелігіне сәйкес « Бүлінген телефон » " Көпір" ойыны атты тренингтер өткіземін. Бұл тренингтер есту қабілетін дамыту және оқушылардың бір – бірімен байланыс орнатумен қатар сыныпта ынтымақтастық ахуал орнатамын. Оқушыларға кеңес, бағыт – бағдар беріп, жұппен, топпен орындайтын постер толтыру, мәтін түсіндіру, үлестірмелі қағаздар, жеке тапсырмалар ашық және жабық сұрақ беру арқылы оқушының сыни ойлаумен логикалық қорытындылауы жүзеге асырамын. Оқушылар берген тапсырмаларды орындау барысында бір – бірімен қызығушылықпен талқылап, орындау барысында қадағалау арқылы топ арасында топбасшысы көрініп, дарынды және талантты оқушылар анықталып отырады. Оқушылардың қабілеттеріне байланысты тапсырмалар беру арқылы оқыту барысында оқушыны жеңілден ауырға қарай біртіндеп жетелеудің жолдарын қолданып, яғни әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға негізделген сұрақтар қою арқылы, пәнге қызығушылықтарын арттыруға жұмыстар жүргіземін. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. (МАН 38 бет) осы тұжырымдамаға сүйене отырып оқушының қажеттіліктерін, оқуына кедергі келтіретін немесе не ынталандыратыны жайлы сұрақтар қою арқылы білсек, оқу сапасын жақсартатыны сөзсіз. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану идеялары негізінде оқушылар практикалық жұмыс немесе сабақ барысында ғаламтор желісі арқылы қосымша ақпараттарды өздері іздеп тауып, бағдарламалардың тиімді жақтарын таба біліп, сынып оқушыларымен бөлісіп отырса білім алушылардың да сабаққа деген қызығушылығы артып, берген тапсырмаларды жұппен, топпен бірігіп, бір – бірінің айтқан пікірлерін тыңдап, бір – біріне сыни сұрақтар қою арқылы қорытынды шығарып үйренеді. Дарынды және талантты оқушыларға тапсырманы орындау жылдамдығы бойынша берілген тапсырмаларға қосымша тапсырмаларды қосу арқылы күрделендіре беремін, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы да арта түседі. Нәтижесінде оқушылар cөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, алған білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білуге қалыптасады деп ойлаймын. Қалыптастырушы бағалауға «Бас бармақ» әдісін сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу және оқушылар өздерін бағалау мақсатында қолданамын. Қадағалау Мадақтау әдістерін сабақ жүру барысында білім алушылардың сұраққа жауап беру, сұрақты жүйелі қоя білуі, түсіндіру, пайымдау, қорытындылауларды жүйелі жүргізген кездерінде пайдаланамын. Кей кезде оқушылардың қате пікір немесе сұрақ жауабынан ауытқу кездері де болады. Сондай жағдайларда әр кімнің ойы құнды дегендей оқушыларға басқа қырынан қараса қалай болады? немесе тағы кім толықтырады? деген сұрақтарды пайдалану арқылы дұрыс бағыт – бағдар беріп отырамын.
...