Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері
Автор: Dakengoi003 • Ноябрь 11, 2021 • Реферат • 1,063 Слов (5 Страниц) • 1,541 Просмотры
«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі»
«Мирас университеті»
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы: «Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері»
Орындаған: Ералы Әсем
Тобы: ПМ-811К-2
Қабылдаған: Сикимбаева А.Б.
Шымкент 2021жыл
«Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері»
Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған.
Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабасының 6 тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.
Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьевтің және басқа психологтардың көзқарасымен келісе отырып адам психикасы әрекет процесінде белсенді өзгеріп отырады. Сурет салу іс-әрекет түрі ретінде барлық психикалық процестер компонентін өзіне енгізеді және осымен байланысты оны тұлғаның қалыптасуына маңызды фактор деп санайды. Сурет салу ақыл-есі кем балалрды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылымның құрылуының алғашқы кезеңінде зерттеле бастады.
Академик В.М. Бехтерев «Балалар суреті бала психикасының пайда болуымен дамуы туралы объективті куәгер» деп жазды. Сонымен қатар бейнелеу әрекеті баланың қоршаған әлемді танудың маңызды факторы болып табылады.
Сурет салу сабағына А.Н. Граборов, Т.Н. Головина, Г.М. Дульнев, Л.В. Занков, И.М. Соловьев, Н.Ф. Кузьмина, М.М. Нудельман, Ж.И. Шиф, т.б. үлкен көңіл аударды. Бейнелеу өнері балалардан әр түрлі қасиеттер мен іскерліктердің пайда болуын талап етеді.
1914 жылы Г. Кершенштейнер сурет салуға деген қабілетпен ақыл-ойдың дамуының арасында белгілі бір тәуелділік байқалады деп көрсетті. Ақыл-есі кем оқушыларда танымдық әрекетінің бұзылысы бар, сонымен қатар қабылдау, түйсік және елестету ерекшелігінің де жетіспеушілігі байқалады. Мұның бәрі оқушылардың заттарды дұрыс қабылдауының дамуына бағытталған көмекші мектеп алдында тұрған міндет болып саналады.
Л.В. Занков, Н.П. Сакулина, В.Я Василевская, О.В. Правдина, А.А. Венгер, Т.М. Головина, С.Д. Забрамная т.б. бала тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеуге, балалар суретін жақындастыру маңыздылығын көрсетті. Өз уақытында сурет салуға Я.А. Коменский, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо, т.б. көп пайда көрсетті.
Неміс педагогы және қайраткер И. Дистервег «Суретке 9 сағат қарап отырған адамнан 1 сағат бойы сурет салған адам көп мәлімет алады» деп айтты.
Көптеген педагогтар мен психологтар заттарды бейнелеу процесі оның шығармашылық орындауына тәуелсіз үлкен танымдық маңызы зор екенін белгіледі.Ақыл-есі кем оқушылар іс-әрекеттің әр түрінің арасынан (оқу, еңбек, ойын) бейнелеу өнерін бөледі және оған қызығушылық танытып бәрінен жоғары бағалайды, әсіресе сурет салуды жақсы көреді.
Сурет салу оқушыларға әр түрлі мектеп пәндерін жақсы меңгеруге көмектеседі. Мысалы, әдіскер К.П. Ягодовскийдің көрсетуі бойынша «Сурет салу, бір жағынан-мұқият байқағыштыққа үйретеді, ал екінші-жағынан құбылыстың түсін, көлемін, пішінін берік есте сақтауға ғана септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар көп жағдайда оқушылардың заттың маңызды белгілері мен ерекшелігін саналы түрде түсінуге әсер етеді.»
Қарапайым бейнелеу дағдыларын қалыптастыру ақыл –есі кем оқушылардың өмірде, қоршаған ортада кеңістікте бағдарлануына және ұсақ қол моторикасының дамуына үлкен септігін тигізеді.Ақыл-есі кем оқушыларының кеңістікте бағдарлануы және ұсақ қол моторикасының дамымауы олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіреді.
...