Мектепке дейінгі ұйымдарда сергіту сәттерін қолдану
Автор: aylinasetqyzy • Апрель 7, 2022 • Реферат • 313 Слов (2 Страниц) • 246 Просмотры
Сергіту бұл баланың ағзасын нығайтуға ықпал ететін қысқа мерзімді (1 – 2 минут ішінде) жаттығулар . сергіту баланың жұмысқа қабілеттілігін арттырады.
Сергіту сәттері балалардың іс-әрекетін белсенді түрде өзгерту және шаршауды әлсірету, содан кейін оларды қайтадан сабақ жалғастыруға ауыстыру мақсатында өткізіледі.
Сергіту сәттерінің міндеттері:
- жүйке жүйесін тыныштандырады;
- балалардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіреді;
- жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесінің белсендірілуі; жалпы жағдайды жақсарту;
-бір қызметтен екіншісіне назар аудару;
-қозғалмайтын жағдай туғызған бұлшық еттердің кернеуін алып тастау;
- сөйлеу, жадының дамуы;
қимылдарды үйлестіруді дамытады.
сергітуге қойылатын талаптар:
- жаттығулар үлкен бұлшық ет топтарын қамтып, кернеуді түсіруі тиіс,
- жаттығулар қарапайым, қызықты, балаларға қол жетімді болуы тиіс,
ойын кешен 1-2 жаттығудан тұруы тиіс,
2-3 рет қайталануы тиіс.
Сергітудің мынадай түрлері болады:
1) Жалпы дамыту жаттығулары- Әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған 3-4 жаттығулар қолданылады, сергітуді секірумен, жүгірумен немесе жаяу жүрумен аяқтауға болады;
2) Қозғалмалы ойын түрінде - үлкен кеңістікті қажет етпейтін, күрделі емес қозғалмалы ойындар таңдалады. Ережелері балаларға жақсы таныс болуы керек;
3) қимылмен жасалынатын дидактикалық ойын түрінде.
4) Би қозғалыс түрінде- сабақтың құрылымдық бөліктерінде тәрбиешінің немесе балалардың орындауында қолданылады.
5) Өлең мәтініне қарай қимылдарды орындау түрі. өлеңдерді таңдау кезінде келесіге назар аударылады:
-өлең мәтіні жоғары көркем болуы керек, белгілі авторлардың өлеңдері, тақпақтар, жұмбақтар, санағыштар қолданылады;
- айқын ырғақты өлеңдерге басымдық беріледі;
- өлең мәтінінің мазмұны сабақ тақырыбымен, оның бағдарламасы мен міндеттерімен үйлесуі тиіс.;
6) Кез - келген қимыл әрекеті мен тапсырмасы түрінде:
- жұмбақтарды сөзбен емес, қозғалыстармен шешу;
- әртүрлі Имитациялық қозғалыстарды: спортшыларды( шаңғышы, конькимен жүгіруші, боксшы, гимнастшы), жеке еңбек әрекеттерін ( ағашты шабу, моторды бастайық, машинамен жүреміз) пайдалану.
7) көзге арналған жаттығулар.
8) Релаксация жаттығулары.
...