«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» мектепке дейінгі ұйым ба
Автор: Гульмира Есентуреева • Февраль 25, 2022 • Методичка • 5,282 Слов (22 Страниц) • 436 Просмотры
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі
«___»________ 2016 жылғы
№ бұйрығына 1-қосымша
«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған білім беру бағдарламасы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ эксперттік кеңесінде білім беру бағдарламасы сараптамадан өткізілді. № 1 хаттама, 13 қараша, 2015 жыл.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ ғылыми кеңесінің № 3 хаттама, 30 қыркүйек 2015 жылғы шешімімен ұсынылды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................................4
Мазмұндық бөлім...............................................................................................9
Оқу-тақырыптық жоспар..................................................................................11
Тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау түрлері.........................15
Өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар................................................15
Жоба жұмыстарының тақырыптары, бағалау өлшемдері.............................16
Шағын сабақтың, шараның тұсаукесерін бағалау өлшемдері...................... 18
Шығыс және қорытынды бақылаудың тестілеу тапсырмалары.....................20
Тыңдаушылардың бағдарлама бойынша қалыптасқан құзіреттілік
деңгейін қорытынды бағалау парағы.................................................................25
Білім беру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.......................25
Ұсынылатын әдебиеттер................................................................................... 36
1. КІРІСПЕ
Біздің жаһандық экономикамыздың болашағы мен тұрақтылығы бүкіл әлемдегі білім беру жүйелерінің барлық білім алушыларды өз функционалдық сауаттылығына, даму сатысына қарай бейімдеп, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мүмкіндіктеріне байланысты. Дегенмен, білім беру стандарттарын жетілдіруге қайта-қайта талпыныс жасалғанымен, бүкіл әлемдегі мектеп жүйелері ХХІ ғасыр оқушылары мен жұмыс берушілерінің талаптарына сәйкес келу үшін күресуде. Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деп аталған. Қазіргі кезеңде жалпы білім берудегі басты міндет – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу.
«Жаңа экономикалық саясатқа көшу адами капиталды дамытудың жаңа тәсілдерін қажет етеді. Солардың бірі мектептегі білім мазмұнын жаңарту болуы тиіс. Мектептегі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу кезінде Білім және ғылым министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының принциптері мен стандарттарына сүйенгенін атап өткім келеді», - деді А.Сәрінжіпов. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатыны жоспарланды. Аталған Стратегиялық даму жоспарнда «Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады»,- деп көрсетілген. Осыған орай, тұлғаның қалыптасуы мектеп жасынан басталатынын ескере отырып, соңғы жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жүзеге асыру барысына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы және мазмұны жаңаша бағыт ала бастағанадығы байқалады. Оған мектепке дейінгі кезеңге арналған тәрбиелеу мен білім беру бағдарламалары мен оқу- әдістемелік еңбектердің жарық көруі негіз бола алады.
...