Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библ «Әлеуметтану» түсінігі, пәні және пәнаралық байланысы
Автор: Aisu Sann • Октябрь 7, 2022 • Реферат • 1,565 Слов (7 Страниц) • 229 Просмотры
Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библ «Әлеуметтану» түсінігі, пәні және пәнаралық байланысы. Әлеуметтану латынның «соиатас», яғни «қоғам» және гректің «логос», яғни «сөз», «ғылым», «білім» деген сөздерінен шыққан.Әлеуметтану дегеніміз—жалпы жүйе ретінде қоғам туралы және жекелеген әлеуметтік институттар, процестер, топтар туралы және олардың қоғаммен байланысы туралы ғылым.
Қазіргі қоғамда болып жатқан көптеген өзгерістер өмірдің жаңа шындығына икемделу үшін адам қабілетіне жоғарғы талап қояды. Табиғи және әлеуметтік дүниені игеру үшін керек биопсихологиялық негіз адам бойында туғаннан тән нәрсе екенін және бұл негіздің жеке тұлғаның қалыптасуына тек фундамент бола алатынын тәжірибе көрсетті. Жеке тұлғаның қалыптасуына тәрбие мен білім маңызды роль атқарды. Гуманитарлық білім мен тәжірибенің арқасында адам әлеуметтік дүниенің рухани байлығын игеріп және жақтап қана қоймайды, сонымен қоса жаңа мәдени бағалы құнды дүниелер шығарады.
Адам мен қоғам туралы бірнеше ғылымның арасында әлеуметтану маңызды орын алады. Бұл--әлеуметтік дүние, жеке тұлғалардың әлеуметтік өзара байланысы туралы ғылым. Адамның немесе топтың алдында қандай да күрделі міндеттер болмасын, олардың барлығы әр түрлі дәрежеде адамдар арасындағы сипатқа, адамдардың бірге тұруға деген қабілетіне, жалпы бағалы құндылықтарды бөлуге, тәртіп нормасына, күрделі қайшылықты мәселені шешу жолын табуға сүйенеді. Біздің алдымыздағы мәселе күрделенген сайын, бұл мәселені шешуде жеке тұлға мен оның адам, қоғам туралы білімі үлкен роль атқарады.
Сондықтан біздің әрқайсымыз, әсіресе мамандық иелері өз ісімізді жақсы білумен қатар, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынас пен олардың өмірлік мүдделерін білуіміз керек. Ал осының негізінде жанұядан бастап әр түрлі топтар, қауымдар, қоғам және дүниежүзі қауымдастығы құрылады. Әлеуметтану бізге күрделі әлеуметтік жүйені, әлеуметтік институттарды талқылауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл ғылымның саласы өмірдегі әр түрлі қайшылықтардағы адамдардың іс-қимылын түсінуге және түсіндіруге көмектеседі.
Әрине, өзімізді қоршаған дүниені өмірлік тәжірибе арқылы тануға және түсінуге болады. Бірақ танымның бұл формасы, біріншіден, біраз кезеңдерден тұратын уақытты талап етеді. Екіншіден, әрбір адам, әсіресе жастар, дұрыс шешім қабылдағанша, бірнеше қателіктерге ұрынуы мүмкін. Мысалы, қазіргі уақыттағы Қазақстандағы көптеген партиялар әрбіреуіміздің сенімімізге ие болғысы келеді, оларды түсіну қиын. Әлеуметтану өткен ұрпақтың тәжірибесі мен білімімен қаруландыру арқылы өмірді зерттеуге көмектеседі. Ол әлеуметтік өмірді ғылыми тұрғыдан бағалауға және тануға, объективті ақпарат алуға көмектесетін әлеуметтік пікірді қалыптастырады. Оның үстіне әрбір маман машинамен, технологиямен және товармен емес, басқа адамдармен жұмыс істеуіне тура келеді. Неке-отбасы мәселесін, әлеуметтік қайшылықтарды, бала тәрбиесі мен басқа да мәселелерді талдауды білген адам жұмысында әріптестеріне, жолдастарына, жақындарына, жанұяны құруға өз ой-пікірімен қарайды.
Көп уақытқа дейін КСРО мен Батыста әлеуметтік білім тек қана саясатпен, мәдениетпен, біліммен, тәрбиемен айналысатындарға керек деген прагматикалық пікір өмір сүрді, себебі адам материалдық дүниені жасаумен шұғылданғандықтан, онсыз да өмір сүре алады деп есептеді. Халық шаруашылығының мәселелерін шешерде табиғаттың бір бөлігі ретінде адам да, табиғаттың өзі де есепке алынбады. Тіпті саясаттың өзінде ғылыми емес, идеологиялық әлеуметтік көзқарас үстем етті. Ал оның салдары қауіпті—рухани, экологиялық, жүйке дағдарысы. Жеке тұлғаның рухани дамуы мен қоғамның мәдениетіне тигізген салдарын бағалау өте қиын. Саясат пен идеология үшін құртылған дүниені қайтадан орнына келтіру өте күрделі мәселе. Сондықтан да қандай да болмасын тар шеңбердегі маман иесі өз мәселесін
...