Құқықтық норма: түсінігі, түрлері және құрылымы
Автор: sapeshh12 • Октябрь 22, 2020 • Реферат • 5,161 Слов (21 Страниц) • 666 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Заң факультеті
Мемлекет және құқық кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:“Құқықтық норма: түсінігі, түрлері және құрылымы”
Орындаған: ю-10 тобының студенті: Сабырбай
Аружан Ерланқызы
Тексерген: Шакирова Алтынай Боранкуловна
Қарағанды 2019
Кіріспе
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.
Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс әрекет тәртібі. Құқықтық норма - әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін,оның құрылу процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну қажет.
Құқықтық нормалар - объективті дүниені бейнелеудің жоғарғы үлгісі ретіндегі адамның әлеуметтік әрекетінің жемісі. Олар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін түсінудің нәтижесі ретінде пайда болады. Заң шығарушы заңдарды жасап шығарушы, ойлап табушы ретінде емес, өзіне объективті шындық туралы толық білімді бейнелеуді қалыптастырушысы ретінде қарауы қажет. Яғни, заңдар оны қалыптастырушының әрекетінің нәтижесі емес, өмір шындығының бейнеленуі екенін естен шығармауымыз қажет. Сонымен қатар, адамның ойлау әрекеті - өзіндік заңдары мен ерекшеліктері бар күрделі процесс екенін, ал құқықтық нормаларды жасау - бейнелеудің неғұрлым қайшылықтағы түрі – қоғамдық-саяси деңгейдегі бейнелеу екенін де ұмытпауымыз керек. Бұнда ойлау әрекетінің тәртібі мен заңдары таптардың, әлеуметтік топтардың мүддесі мен талаптарымен ұштасады. Құқықтық норма, сондықтан да, түп нұсқаның көшірмесі бола алмайды.
Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық объектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік. Олар (жекелей түрде емес) бөліктер түрінде қалыптасады және әрекет етеді. Яғни, комплекстер, ассоцациялар құқық институттары құрамында және кең құрылымдарда - құқық салаларында қалыптасады, әрекет етеді.
Заңдық нормаларда бейнелеу объектісі болып материалдық және әлеуметтік өмірдің жағдайлары танылады. Құқық нормаларында әлеуметтік шындықтың бейнелеуінің өзіндік ерекшеліктері бар, оларды құқықтық нормалардың белгілері ретінде түсіндірсе де болады:
Құқықтық нормалар неғұрлым маңызды, қоғамға қажет қатынастарды бейнелейді. Бірақ, барлық қатынастар құқықта көрініс тауып, бекітіле бермейді, тек мемлекеттік қолдау тапқан бөлігі ғана бекітіледі.
Құқық нормалары ретке келтіріп отыратын қоғамдық қатынастардың бейнеленуі мемлекеттік сипатқа ие. Оның себебі, бейнелеу субъектісі болып арнаулы құзыреттілігі бар мемлекеттік органдардың танылуы, сондай-ақ бейнелеу процесінің нақты белгіленген заңдарға сәйкес өтуі және қатаң анықталған үлгілерінің болуы. Осының барлығы құқық нормаларының мемлекет тарапынан шығатынын негіздейді.
Ғылыми негізделу - бейнелеу процесімен байланысты құқық нормасының арнаулы қасиеті.
Құқықтық норма реттелуге тиісті қоғамдық қатынастардың моделі болып табылады.
1. Құқықтық норма түсінігі
1.1.Құқықтық нормасның мазмұны және үлгілері
Құқықтық нормалар өзге де әлеуметтік құбылыстар тәріздес анықталған мәнге ие, өзіндік мазмұны бар және осыған байланысты құқықтық жүйеде дербес орынға ие болған.
Құқықтың мазмұны мен үлгісі туралы мәселе кем дегенде бес түрлі аспектіде көрінеді, оның бірі құқықтық норманың мазмұны мен үлгісінің ара қатынасы. Құқық нормасын әрекет тәртібі деп қарастыратын авторлар құқықтық норманың мазмұны сол әрекет тәртібі деп түсіндіреді. Екінші бір көзқарас бойынша, құқықтық норманың моделі мазмұны бойынша, экономикалық және саяси үстемдік құрушы топтың объективті шындыққа әсер етуінің және оның бекітілуі мен танылуының объективті актісі ретінде беріледі. Үшінші көзқарас бойынша, әлеуметтік норманың мазмұны оның қорғауындағы жеке және қоғамдық байлықтардың құндылығы мен өзара қатынасымен анықталады. Құқықтық нормада екі элемент бар:
...